Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Жаңалықтар (230)

VІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты

хатшысының шешімі

Сәтбаев қаласы                                                              2022 жылғы 29 шілде

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 30-сессиясын шақыру туралы

Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы онлайн режимі (ZOOM қосымшасы арқылы бейнеконференция жүйесі) арқылы 2022 жылғы 02 тамыз сағат 11.00-де келесі күн тәртібімен шақырылсын:                                                                                                  

1. «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту жөнінде.

2.Сәтбаев қалалық мәслихатының «2022 – 2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 148 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Тұрақты комиссиялардың отырыстары онлайн режимі (ZOOM қосымшасы арқылы бейнеконференция жүйесі) 2022 жылғы 02 тамыз сағат 10.00-де өтеді.

Қалалық мәслихат хатшысы                                                         Т. Хмилярчук

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫСЫ

Нұр-Сұлтан қаласы                            № 48/510                 2022 жылғы 8 маусым

Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясын құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы          № 887 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы құрылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған мерзімнен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға                                                                         Н. Әбдіров

 

Хатшы                                                                         М. Ерман

Тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы

| Автор:  Сәрсенбі, 01 Маусым 2022 05:04

Тұрақты комиссиялардың 2022 жылдың 31 мамырында өткен кеңейтілген отырысында депутаттар Сәтбаев қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыру қағидаларын іске асыру және қала кітапханаларын дамытуға бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуы туралы мәселелерді қарастырды.  Аталған мәселелер бойынша«Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ сектор меңгерушісі Игенберлина М.Б. және «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы Г.Т.Шахманова есеп берді. Депутаттар Ш.С. Жанғаскинова мен Қ.Қ. Смайлов тұрақты комиссиялардың мониторинг нәтижелері бойынша қорытындыларымен таныстырып, орын алған кемшіліктерді атап өтті.Мысалы,  кітапханалардағы кітап қоры жыл сайын толықтырылып отырғанымен, жылдар бойы Б.Бұлқышев атындағы орталық кітапханаға күрделі жөндеу жүргізу мәселесі шешілмей келеді, кітапханалардың материалдық-техникалық жарақтандырылуы жаңартуды қажет етеді. Депутаттар оқырмандардың өтініші бойынша сұратылатын электронды кітапхананың (РАБИС автоматтандырылған жүйесі) жұмысын атап өтті.  Сәтбаев қаласында көрнекі  жарнама орналастыруға арналған барлығы 35 конструкция бар, оның 23-і мемлекеттік тапсырыс бойынша орындалатын көрнекі жарнамаға арналған. Қабылданған қаулы бойынша  тиісті қызметтерге сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы заңнама талаптарының сақталуын тұрақты бақылау, сондай-ақ жарнама объектілерін орналастыру орындарының тиісті деңгейде ұсталуын қамтамасыз ету ұсынылды

Депутаттық рейд

| Автор:  Бейсенбі, 26 Мамыр 2022 03:41

Халықты тұрмыстық ауыз сумен қамтамасыз ету маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады.Сәтбаев қаласының тұрғындарына су орталықтандырылған көзден беріледі.Қазіргі уақытта ІІІ көтергіш сорғы станциясының екі резервуарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Бүгін аталған нысанға барған депутаттар мердігерге жұмыстың кестеге сай орындалмай отырғандығын  атап көрсетті.«ЖСЖК» АҚ директоры Е.А. Тоқымбаев және «Мегорон» ҚК өкілі Г.Р.Курелев мұның себебін қондырғының кеш жеткізілуімен байланыстырды.Мердігер мекеме өкілінің айтуынша, барлық жұмыстар жоспарланған мерзімде а.ж. тамыз айының соңына дейін аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қарағанды облысының Сәтбаев қалалық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 23 мамырдан бастап 6 маусымға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

           2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған (maslihat.satpaev.gov.kz).        

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау   комиссияларының   құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2022 жылғы 6 маусымға дейін сағат 09:00-18:30 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін.

СӘТБАЕВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ

Қалалық мәслихаттың мекен-жайы: Сәтбаев қаласы, акад. Қ. Сәтбаев даңғылы, 108.

Қалалық мәслихаттың хатшысы – Хмилярчук Татьяна Ивановна.

Материалдарды жинауға жауапты: Құлашева Динара Бегалықызы, қалалық мәслихаттың бас маман-заңгері, жұмыс тел. (871063) 3-50-72, факс: (871063) 3-45-23, электрондық почта мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

Сәтбаев қалалық мәслихаты бос орындарға учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:


п/п

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны

1.

№ 282

Сәтбаев қаласы, Бабыр би көшесі, 5 , «№ 5 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ)

2

2.

№283

Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 5, «№ 14 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

4

3.

№ 284

Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 7, «№ 27 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

2

4.

№ 285

Сәтбаев қаласы, Жеңіс көшесі, 17б,«№ 3 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

1

5.

№ 286

Сәтбаев қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 28, Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Сәтбаев қаласындағы мамандырылған олимпиалдық резервтегі балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ

2

6.

287

Сәтбаев қаласы, Әубәкір Құсайынов   көшесі, 23а, «Сәтбаев индустриалдық колледжі» КММ

2

7.

№ 288

Сәтбаев қаласы, Әубәкір Құсайынов көшесі, 8, «Қазақстан халқының қоғамдық, рухани және ұлтаралық келісім орталығы» КММ

4

8.

№ 289

Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 144, «№ 1 мектеп – гимназиясы» КММ

1

9.

№ 290

Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 144, «№ 1 мектеп – гимназиясы» КММ

1

10.

№ 291

Сәтбаев қаласы, Академик Қ. Сәтбаев даңғылы, 114а, «Абай атындағы № 4 лицей-мектебі» КММ)

1

11.

№ 292

Сәтбаев қаласы, Академик Қ. Сәтбаев даңғылы, 106, «Сәтбаев қаласы мәдениет және тілдер дамыту бөлімі» КМҚМ)

3

12.

№ 294

Сәтбаев қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 12а,   «№ 25 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

1

13.

№ 295

Сәтбаев қаласы, Академик Қ. Сәтбаев даңғылы, 139 қ-с, «№ 9 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

1

14.

№ 297

Сәтбаев қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 11а, «№ 19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

1

15.

№ 298

Сәтбаев қаласы, Академик Қ.Сәтбаев даңғылы, 114а, «Абай атындағы № 4 лицей-мектебі» КММ

2

16.

№ 299

Сәтбаев қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 5, «Балалар өнер мектебі» КМҚК

1

17.

№ 305

Сәтбаев қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 5, «Сәтбаев қаласының емханасы» КМК

2

18.

№ 306

Сәтбаев қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 5, «Сәтбаев қаласының емханасы» КМК

1

19.

№ 307

Сәтбаев қаласы, Ерден көшесі, 217, «№ 15 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

2