Жексенбі, 04 Мамыр 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Жаңалықтар (230)

VІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты

хатшысының шешімі

Сәтбаев қаласы                                                                 2022 жылғы 5 қыркүйек

Қалалық мәслихаттың 33-сессиясын шақыру туралы

Сәтбаев қалалық мәслихатының кезекті отыз үшінші сессиясы 2022 жылғы 27 қыркүйекте сағат 11.00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ шақырылсын.

                                                                                                      

Хабарлама

          Қалалық мәслихаттың 2022 жылғы 27 қыркүйектегі 33-сессиясында қарауға ұсынылатын мәселелер:

1. Cәтбаев қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі.

2. Қаланың автокөлік жолдарын жөндеу және аулаларды аббатандыру жұмыстарының сапасы мен тиімділігі туралы.

3. Қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты  әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.

4. «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы 41 сессиясының № 367 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

5. Қалалық мәслихаттың 34-сессиясының редакциялық комиссиясын cайлау туралы.

6. Әртүрлі.

Қалалық мәслихат хатшысы                                            Т. Хмилярчук

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ұлытау облысының Сәтбаев қалалық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап 26 қыркүйекке дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

           2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған (maslihat.satpaev.gov.kz).        

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау   комиссияларының   құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2022 жылғы 26 қыркүйекке дейін сағат 09:00-18:30 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін. СӘТБАЕВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ

Қалалық мәслихаттың мекен-жайы: Сәтбаев қаласы, акад. Қ. Сәтбаев даңғылы, 108.

Қалалық мәслихаттың хатшысы – Хмилярчук Татьяна Ивановна.

Материалдарды жинауға жауапты: Құлашева Динара Бегалықызы, қалалық мәслихаттың бас маман-заңгері, жұмыс тел. (871063) 3-50-72, факс: (871063) 3-45-23, электрондық почта мекен-жайы:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. satp_maslihat@krg.gov.kzThis email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

Сәтбаев қалалық мәслихаты бос орындарға учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:


п/п

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны

1.

№ 282

Сәтбаев қаласы, Бабыр би көшесі, 5 , «№ 5 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ)

1

2.

№283

Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 5, «№ 14 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

3

3.

№ 284

Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 7, «№ 27 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

1

4.

№ 285

Сәтбаев қаласы, Жеңіс көшесі, 17б,«№ 3 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

1

5.

№ 286

Сәтбаев қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 28, Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Сәтбаев қаласындағы мамандырылған олимпиалдық резервтегі балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ

1

6.

287

Сәтбаев қаласы, Әубәкір Құсайынов   көшесі, 23а, «Сәтбаев индустриалдық колледжі» КММ

2

7.

№ 288

Сәтбаев қаласы, Әубәкір Құсайынов көшесі, 8, «Қазақстан халқының қоғамдық, рухани және ұлтаралық келісім орталығы» КММ

2

8.

№ 289

Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 144, «№ 1 мектеп – гимназиясы» КММ

1

9.

№ 290

Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 144, «№ 1 мектеп – гимназиясы» КММ

1

10.

№ 291

Сәтбаев қаласы, Академик Қ. Сәтбаев даңғылы, 114а, «Абай атындағы № 4 лицей-мектебі» КММ)

1

11.

№ 292

Сәтбаев қаласы, Академик Қ. Сәтбаев даңғылы, 106, «Сәтбаев қаласы мәдениет және тілдер дамыту бөлімі» КМҚМ)

2

12.

№ 297

Сәтбаев қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 11а, «№ 19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

1

13.

№ 298

Сәтбаев қаласы, Академик Қ.Сәтбаев даңғылы, 114а, «Абай атындағы № 4 лицей-мектебі» КММ

2

14.

№ 305

Сәтбаев қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 5, «Сәтбаев қаласының емханасы» КМК

2

15.

№ 307

Сәтбаев қаласы, Ерден көшесі, 217, «№ 15 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

1

2022 жылғы 2 қыркүйекте № 15 орта мектебінде қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясындағы Сәтбаев қаласының Павел Шаталюк көшесін Кәкімбек Салықов көшесі, Горняцкая көшесін Павел Шаталюк көшесіне қайта атау мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар болып өтті. Көпшілік тыңдауларға мүдделі мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, қаланың құрметті азаматтары және тұрғындар қатысты. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Қ.Ж.Төлеш баяндаған ұсыныстар қатысушылардың көпшілік дауысымен қолдауға  ие болды. Қайта атау беру  бойынша ұсыныстар бірлескен қала әкімдігінің қаулысымен және мәслихат шешімімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізілетін болады.

VІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты

 хатшысының шешімі

Сәтбаев қаласы                                                                 2022 жылғы  27 тамыз

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 32-сессиясын шақыру туралы

Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясы  2022 жылғы  2 қыркүйекте сағат 11.00-де online режимде (ZoomСloud Meetings байланыс видеоконференция қосымшасы арқылы) келесі күн тәртібімен шақырылсын:                                                                                                    

Сәтбаев қалалық мәслихатының «2022 – 2024 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті туралы» 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 158 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Тұрақты комиссиялардың отырыстары 2022 жылғы 2 қыркүйекте сағат 10.00-де өтеді

Қалалық мәслихат хатшысы                                     Т. Хмилярчук

Хабарландыру! Көпшілік тыңдау!

| Автор:  Жұма, 26 Тамыз 2022 09:01

Сәтбаев қалалық мәслихатының әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес Сәтбаев қаласының кейбір көшелерін (Павел Шаталюк көшесін Кәкімбек Салықов көшесі, Горняцкая көшесін Павел Шаталюк көшесі) қайта атау мәселесі бойынша халықтың пікірін ескеру мақсатында 2022 жылғы 2 қыркүйек сағат 17.00-де № 15 жалпы білім беретін мектебінің мәжіліс залында көпшілік тыңдау өткізілетінін хабарлайды.