Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Жаңалықтар (230)

VІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты

хатшысының шешімі

Сәтбаев қаласы                                                              2022 жылғы 14 қазан

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 34-сессиясын шақыру туралы

Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы 2022 жылғы 18 қазанда сағат 16.00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ келесі күн тәртібімен шақырылсын:

1. «Сәтбаев қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы.

2. Ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу туралы.

Қалалық мәслихат хатшысы                                  Т. Хмилярчук

Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі

Сәтбаев қаласы                                           № 217                                 2022 жылғы 27 қыркүйек

«Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы 41 сессиясының № 367 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес және Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясының учаскелік сайлау комиссиясы мүшесін өз міндеттерінен босату туралы 2022 жылғы 20 мамырдағы № 7 шешімі негізінде қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 367 шешіміне өзгерістер осы шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес енгізілсін.

Қалалық

мәслихат хатшысы                                                    Т. Хмилярчук

Қалалық мәслихаттың

2022 жылғы 27 қыркүйектегі

33 сессиясының № 217 шешіміне

1 қосымша

Учаскелік сайлау комиссияларының босаған

орындарына сайланған мүшелерінің

ТІЗІМІ

№ 282сайлау учаскесі

Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы, Бабыр би көшесі, 5

(«№ 5 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ)

Вольман Татьяна Оттовна

Байдәулетова Әйгерім Дастанқызы

№ 283 сайлау учаскесі

Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 5

(«№ 14 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ)

Әміртай Гүлназ Әміртайқызы

Нұржанова Сәния Жұмағалиқызы

Жақыпова Динара Нұрланқызы

Қалмағамбетов Нұрым Ақтайұлы

№ 284 сайлау учаскесі

Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 14а

(«№ 27 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ)

Алпысова Әсем Дәулетбайқызы

Икишева Әйгерім Ерболқызы

№ 285 сайлау учаскесі

Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы, Жеңіс көшесі, 17

(«№ 3 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ)

Төлегенова Айман Серікқызы

№ 286 сайлау учаскесі

Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 28

(«Сәтбаев қаласындағы мамандырылған олимпиалдық резервтегі балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ)

Еркінбаева Шұғыла Боранбайқызы

Бегайдаров Бауыржан Серікбайұлы

№ 287 сайлау учаскесі

Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы,Әубәкір Құсайынов көшесі, 23а

(«Сәтбаев индустриалдық колледжі» КММ)

Шегебаева Әлия Советқызы

Тасыбаев Қаныш Ерболұлы

№ 288 сайлау учаскесі

Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы, Әубәкір Құсайынов көшесі, 8

(«Қазақстан халқының қоғамдық, рухани және

ұлтаралық келісім орталығы» КММ)

Осажанов Қанат Олжабайұлы

Дүйсекова Гүлайым Төлешқызы

Сәдуақасова Құндыз Бауыржанқызы

Молдақұлова Венера Ахмедияқызы

№ 289 сайлау учаскесі

Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 144

(«№ 1 мектеп-гимназиясы» КММ)

Әбілқасымова Асыл Мұқаметжанқызы

Әбілдинова Жазира Дабейханқызы

№ 290 сайлау учаскесі

Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 144

(«№ 1 мектеп-гимназиясы» КММ)

Аукешова Гүлдана Бәкенқызы

№ 291 сайлау учаскесі

Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы, Академик Қ. Сәтбаев даңғылы, 114а

(«Абай атындағы № 4 лицей-мектебі» КММ)

Еңбекова Айжан Жас-Қайратқызы

№ 292 сайлау учаскесі

Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы, Академик Қ.Сәтбаев даңғылы, 106

(Ш. Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы)

Әбілдинов Болат Хайырғалиұлы

Жанабаева Гүлжанат Үсенқызы

Балтамұратова Жәзира Жолдасбекқызы

№ 294 сайлау учаскесі

Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 12а

(«№ 25 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ)

Мұрат Салтанат Алмасқызы

№ 295 сайлау учаскесі

Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы, Академик Қ.Сәтбаев даңғылы, 139

(«№ 9 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ)

Нұрекешов Кенжебай Нұрыллаұлы

№ 297 сайлау учаскесі

Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 11

(«№ 19 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ)

Көшкімбаева Эльвира Сансысбайқызы

№ 298 сайлау учаскесі

Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы, Академик Қ.Сәтбаев даңғылы, 114а

(«Абай атындағы № 4 лицей-мектебі» КММ)

Жұматаев Серік Бахтиёрұлы

Тасыбаева Жанара Алтынбекқызы

№ 299 сайлау учаскесі

Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 67а

(«Балалар өнер мектебі» КМҚК)

Қалымбет Құндыз Нұрланқызы

№ 305 сайлау учаскесі

Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 5

(«Сәтбаев қаласының емханасы» КМК)

Мұханова Анар Мұратбекқызы

Воровенко Вера Александровна

№ 306 сайлау учаскесі

Орналасқан мекен-жайы - Весовая елді мекені, Киров көшесі, 12

(«№ 12 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ)

Оразбеков Жандос Аманжолұлы

№ 307 сайлау учаскесі

Орналасқан мекен-жайы - Сәтбаев қаласы, Ерден көшесі, 217

(«№ 15 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ)

Жолдыбаева Думан Спатайқызы

Ыдрысова Гүлнұр Сәкенқызы

Қалалық мәслихаттың

2022 жылғы 27 қыркүйектегі

33 сессиясының № 217 шешіміне

2 қосымша

Учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан шығарылғандар

ТІЗІМІ

№ 289 учаскелік сайлау комиссиясынан:

Ағыбаева Қарлығаш Мәдениетқызы

Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне тамақтандыруды ұйымдастыру және медициналық көмек көрсету мәселелері мемлекеттің жіті назарында.Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялай отырып, өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы біздің жалпыұлттық міндетіміз болып табылатынын атап өтті.Қалалық мәслихат депутаттары бұл мәселелерді тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында қарайтын болады.Ағымдағы жылдың 28-29 қыркүйегінде өткен депутаттық бақылаумен белгіленген мәселелер бойынша Сәтбаев қаласының білім бөлімі жоспарлы жұмыс жүргізуде.Барлық мектептер мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жабдықталған медициналық кабинеттер жұмыс істейді, олар орта буын медицина кадрларымен, алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған препараттармен қамтамасыз етілген.Барлық білім беру ұйымдарында ауыз су режимі қамтамасыз етілген, асханалар жұмыс істейді, есепке алу құжаттамасы жүргізіледі, тамақтану рационы бірыңғай стандарттар мен санитариялық талаптарға сәйкес келеді.Балалар жылы аясында 1-4 сыныптардың 5238 оқушысы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан 622 бала ыстық тамақпен қамтылған. Білім беру мекемелерін аралау барысында ағымдағы мәселелер талқыланды.

Қалалық мәслихаттың кезекті 33 сессиясы

| Автор:  Сәрсенбі, 28 Қыркүйек 2022 06:00

2022 жылдың 27 қыркүйегінде өткен қалалық мәслихаттың кезекті 33 сессиясында Сәтбаев қаласының әкімі А.А. Ыдырысов депутаттар алдында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді. Есепті баяндамасында әкім қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы жоспарлары туралы ақпарат ұсынылды.

Биыл 8 шағын ауданнан бастап Батыс ауданы, 6 шағын ауданы арқылы, шаруашылық – нәжістік тазалау құрылғыларына дейінгі кәріз желісінің құрылысы басталды.Бүгінгі таңда жоспарланған 32 шақырымның 11 шақырымы салынды.Қалада жүзеге асырылып жатқан тағы бір үлкен жоба - Есқұла су қоймасын іске қосу.Осы жоба шеңберінде 3-көтермелі сорғы станциясының, хлоратордың, тұз қоймасының құрылысы, ішкі сантехникалық желілердің құрылысы, электр сорғы жабдығын, сумен жабдықтау ұңғымаларын монтаждау, сондай-ақ резервуар конструкциясын күшейту аяқталды.Бүгінде көлемі 5000 текше метр болатын бұрынғы резервуардың құбырларын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.Жобаны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Биыл 320 орындық балабақшаның құрылысы да аяқталады.Шығыс ауданының жылу желісінің құрылысы толығымен аяқталып, нәтижесінде Алаш, Бокин, Молдағұлова, Иманов және Уәлиханов көшелері бойынша 150 үй орталық жылуға қосылатын болады.Мұқанов, Ерден көшелерінің бойындағы жалпы ұзындығы 1 км кәріз желісінің құрылысы аяқталды.«Юность» стадионын қайта құру жұмыстары аяқталуда. Қаланың орталық көшелері, аулалары, жолдары жөндеу және абаттандырумен қамтылғанын ескере отырып, әкімдіктің жоспарында осындай жұмысты қаланың төменгі бөлігінде де жүргізу көзделген.

Одан әрі депутаттар «Қаланың автокөлік жолдарын жөндеу және аулаларды абаттандыру жұмыстарының сапасы мен тиімділігі туралы» мәселелерді қарастырды. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Н.А. Кенжеғұловтың ақпараты тыңдалды.Тұрақты комиссияның төрағасы С.Н. Нарботаев депутаттық рейдтердің қорытындысы бойынша анықталған ұсыныстар мен ескертулерді баяндады.Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қалмағанбетов көшесінің автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, мұнда жол төсемін фрезерлеу, бетон жиектас тастар мен қабыршақтарды орнату, жаяу жүргіншілер тротуарын асфальттау және құдықтар қақпақтары мен корпустарын монтаждау бойынша жұмыстар аяқталды.Ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін көше жолы жеке үйлерге қарай асфальтталады.Қаланың төменгі бөлігіндегі Тәуелсіздік даңғылы 22,24, Сәтбаев даңғылы 91, 93, 93а, 95, 97, 99, 103, Құсайынов көшесі 25а тұрғын үй аулаларын абаттандыру бойынша, атап айтқанда, жолдың жүру бөлігін кеңейте отырып, ескі бордюрларды жаңасымен ауыстырып, монтаждау және автотұрақтарын орнату, сондай-ақ жол жабынын асфальттау бойынша жұмыстар аяқталды.Сессияда, сондай-ақ, қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының (Ш.С.Мұхамедғалиева) есебі тыңдалды; қалалық бюджетті нақтылау туралы, Республикалық ономастика комиссиясының қарауына П. Шаталюк көшесін К. Салықов көшесіне, Горняцкий көшесін Шаталюк көшесіне қайта атау бойынша ұсыныстар енгізу туралы мәселелер қаралды, учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалғандардың орнына мүшелер сайланды. Сессия мәслихат хатшысы Т.Хмилярчуктың төрағалығымен Аitube платформасы арқылы тікелей эфирде өтті.

 

Депутаттық рейд

| Автор:  Жұма, 23 Қыркүйек 2022 03:15

Кезекті сессияның күн тәртібінде қаралатын «Қаланың автомобиль жолдарындағы жөндеу жұмыстарының сапасы мен тиімділігі және аулаларды абаттандыру туралы» мәселені зерделеу мақсатында 2022 жылдың 22 қыркүйегінде мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук депутаттармен қалалық бюджет қаражаты есебінен жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралады.«Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жауапты қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың басшылары рейд қатысушыларына жұмыстар көлемі туралы ақпарат берді. Рейд қорытындылары тұрақты комиссия отырысында пысықталады.