2022 жылғы 18 мамырда Aitube арнасы арқылы тікелей эфирде Сәтбаев қалалық мәслихатының 29-сессиясы өтті.Отырыстың күн тәртібіне сәйкес Сәтбаев қаласының және Жезқазған кенті бюджеттерінің 2021 жылғы орындалуы туралы есептер бекітілді. Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі В.Ф.Александрованың қатысуымен өткен тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысындағы олардың алдын ала қаралуында тиісті мемлекеттік мекемелердің басшылары баяндамалар жасап, түсініктемелер берді.Күн тәртібінің келесі мәселесі бойынша депутаттар қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық жұмыстары бөлімінің басшысы Н.Р.Салиховтың «Сәтбаев қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асыру жөніндегі жұмыс туралы» баяндамасын тыңдады, тұрақты комиссияның төрағасы Ш.С.Мұхамедғалиева жұмыс тобының қорытындысымен таныстырды.Одан әрі депутаттар қалалық мәслихаттың 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №148 «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесін қарады. Сессия жұмысына қала әкімі А.А.Ыдырысов және мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары қатысты.
VІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты
хатшысының шешімі
Сәтбаев қаласы 2022 жылғы 12 мамыр
Қалалық мәслихаттың 29-сессиясын өткізу күнін
ауыстыру туралы
Сәтбаев қалалық мәслихатыхатшысының шешімімен қалалық мәслихаттың 29 сессиясының өткізілу уақыты 2022 жылдың 17 мамырынан 2022 жылдың 18 мамырына сағат 11.00-ге ауыстырылды.
Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук
VІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты
хатшысының шешімі
Сәтбаев қаласы 2022 жылғы 3 мамыр
Қалалық мәслихаттың 29-сессиясын шақыру туралы
Сәтбаев қалалық мәслихатының кезекті жиырма тоғызыншы сессиясы 2022 жылғы 17 мамырда сағат 11.00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ шақырылсын.
Хабарлама
Қалалық мәслихаттың 2022 жылғы 17 мамырдағы 29-сессиясында қарауға ұсынылатын мәселелер:
1. 2021 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту жөнінде.
2. 2021 жылғы Жезқазған кенті бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекіту жөнінде.
3. Сәтбаев қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы жөніндегі жұмыстар туралы.
4. Қалалық мәслихаттың 30-сессиясының төрағасын сайлау туралы.
5. Әртүрлі.
Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук
2022 жылдың 20 сәуірінде № 15 жалпы білім беретін орта мектеп қабырғасында қалалық мәслихат депутаттары еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук, Қазақстанның Еңбек Ері, депутат Т.Ш.Макишев және де «Қазақмыс» корпорациясы «Жастар жұмысшылар одағы» ҚБ төрағасы, депутат Мыңбаева Л.Ә кездесуге жиналғандарға қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың негізгі өзекті мәселелері мен қаланың даму перспективалары, сондай-ақ депутаттық өкілеттіктерін жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Кездесу соңында депутаттар жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттары Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың бұрынғы Жезқазған облысының аумағында әкімшілік орталығы Жезқазған қаласы болатын Ұлытау облысын құру туралы бастамасын бірауыздан қолдады. Қалалық мәслихаттың 2022 жылдың 12 сәуірінде өткен кезектен тыс 28-сессиясында бұл туралы мәслихаттың бірлескен шешімі мен әкімдіктің қаулысы қабылданды.Қала әкімі А.Ыдырысов, мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук, депутаттар Т.Макишев, Д.Мейірбек атап өткендей, Ұлытау облысының құрылуы жаңадан құрылған әкімшілік бірлік құрамына енетін қаламыздың дамуына тың серпін береді. Сессияда сонымен қатар Жезқазған кентінің бюджетін нақтылау және жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.