Дүйсенбі, 28 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Кезектен тыс сессия отырысы

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Бейсенбі, 21 Сәуір 2022 03:17
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттары Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың бұрынғы Жезқазған облысының аумағында әкімшілік орталығы Жезқазған қаласы болатын Ұлытау облысын құру туралы бастамасын бірауыздан қолдады. Қалалық мәслихаттың 2022 жылдың 12 сәуірінде өткен кезектен тыс 28-сессиясында бұл туралы мәслихаттың бірлескен шешімі мен әкімдіктің қаулысы қабылданды.Қала әкімі А.Ыдырысов, мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук, депутаттар Т.Макишев, Д.Мейірбек атап өткендей, Ұлытау облысының құрылуы жаңадан құрылған әкімшілік бірлік құрамына енетін қаламыздың дамуына тың серпін береді. Сессияда сонымен қатар Жезқазған кентінің бюджетін нақтылау және жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Оқылды: 88 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 21 Сәуір 2022 03:25