2022 жылдың 13 сәуірінде Сәтбаев қалалық мәслихаты депутаттарының № 25 жалпы білім беретін орта мектеп ұжымымен есеп беру кездесуі өтті. Қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук, «AMANAT» партиясы қалалық филиалының жауапты хатшысы Қ.Балмағамбетов, депутат Ш.С.Мұхамедғалиева Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының негізгі тезистері бойынша және қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ депутаттық өкілеттіктерін жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук өз баяндамасында ағымдағы жылдың 12 сәуірінде өткен кезектен тыс 28 сессияда депутаттар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың әкімшілік орталығы Жезқазған қаласы болып табылатын Ұлытау облысын құру туралы, сондай-ақ жаңадан құрылатын Ұлытау облысының құрамына Сәтбаев қаласын қосу туралы бастамаға бірауыздан қолдау білдіргендігін атап өтті. Кездесу соңында депутаттар жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.