VІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты
хатшысының шешімі
Сәтбаев қаласы 2022 жылғы 12 желтоқсан
Қалалық мәслихаттың 37-сессиясын шақыру туралы
Сәтбаев қалалық мәслихатының кезекті отыз жетінші сессиясы 2022 жылғы 28 желтоқсанда сағат 11.00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ келесі күн тәртібімен шақырылсын:
1. Қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы туралы.
2. 2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы.
3. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының атқарған жұмысы туралы есебі жөнінде.
4. Қалалық мәслихаттың экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі жөнінде.
5. Әртүрлі.
Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук