Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Қалалық мәслихаттың кезекті 37 сессиясы

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Бейсенбі, 29 Желтоқсан 2022 10:40
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Бүгін қалалық мәслихаттың хатшысы Т.И.Хмилярчуктың төрағалығымен өткен кезекті 37 сессияда депутаттар негізгі қаржылық құжат - Сәтбаев қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін бекітті.

Сессия отырысы ұйымдастырушылық мәселеден басталды. Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Н.А. Геймбух шығып қалған депутаттың орнына қалалық мәслихат депутатын тіркеу туралы хабарлама жасап, «АМАНАТ» партиясы қалалық филиалы Саяси кеңесі бюросының шешімі негізінде депутаттық мандат берілген Гатиятова Гүлназ Рашитқызына депутаттық куәлік пен төсбелгіні табыс етті.

Одан әрі депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді қарады. Қала бюджетінің жобасын «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Қожахметов А.М. баяндады. Тұрақты комиссияның қорытындысында аталып өтілгендей, бюджет жобасы өзінің әлеуметтік бағытын сақтап қалды және барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді. 2023 жылға арналған бюджетте қаланы абаттандыруға жұмсалатын шығындарды ұлғайту көзделген. Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес қалалық мәслихаттың Регламенті және «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі, сонымен қатар кадрлық өзгерістерге байланысты қала әкімі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамдары бекітілді.

Қала әкімі А.А.Ыдырысовтың, мемлекеттік мекеме басшыларының, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен сессия «Аitube» арнасы арқылы тікелей эфирде жүргізілді.

Оқылды: 531 рет