Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Жаңалықтар (230)

Депутаттардың есеп беру кездесуі

| Автор:  Бейсенбі, 14 Сәуір 2022 04:15

2022 жылдың 13 сәуірінде Сәтбаев қалалық мәслихаты депутаттарының № 25 жалпы білім беретін орта мектеп ұжымымен есеп беру кездесуі өтті. Қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук, «AMANAT» партиясы қалалық филиалының жауапты хатшысы Қ.Балмағамбетов, депутат Ш.С.Мұхамедғалиева Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының негізгі тезистері бойынша және қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ депутаттық өкілеттіктерін жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук өз баяндамасында ағымдағы жылдың 12 сәуірінде өткен кезектен тыс 28 сессияда депутаттар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың әкімшілік орталығы Жезқазған қаласы болып табылатын Ұлытау облысын құру туралы, сондай-ақ жаңадан құрылатын Ұлытау облысының құрамына Сәтбаев қаласын қосу туралы бастамаға бірауыздан қолдау білдіргендігін атап өтті. Кездесу соңында депутаттар жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

VІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты

хатшысының шешімі

Сәтбаев қаласы                                                                 2022 жылғы 06 сәуір

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 28-сессиясын шақыру туралы

Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы 2022 жылғы 12 сәуірде сағат 16.00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ келесі күн тәртібімен шақырылсын:

1. Әкімшілік-аумақтық құрылыстың кейбір мәселелері туралы.

2. Сәтбаев қалалық мәслихатының «2022 – 2024 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті туралы» 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 158 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Қалалық мәслихат хатшысы                                            Т. Хмилярчук

                                                                            

Депутаттардың есеп беру кездесуі

| Автор:  Жұма, 08 Сәуір 2022 03:29

2022 жылдың 7 сәуірінде Сәтбаев қалалық мәслихаты депутаттарының Б.Момышұлы атындағы № 1 мектеп-гимназиясының ұжымымен есеп беру кездесуі өтті. Қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук, «AMANAT» партиясы қалалық филиалының жауапты хатшысы Қ.Балмағамбетов, Жылу энергетика кәсіпорнының директоры, депутат Ә.Исанов Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының негізгі тезистері бойынша және қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ депутаттық өкілеттіктерін жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Кездесу соңында депутаттар жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Сәтбаев қаласының №1 орталық ауруханасы бас корпусының ғимаратында облыстық бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Қалалық мәслихаттың хатшысы Хмилярчук Т.И., «АМАНАТ» партиясы қалалық филиалының жауапты хатшысы Балмағамбетов Қ.М. және тұрақты комиссия мүшелері 2022 жылдың 5 сәуірінде нысандағы жұмыс барысымен танысты. Мердігер «RAKADA GROUP» ЖШС сметалық келісім-шартқа сәйкес 4-қабатта демонтаждау жұмыстарын аяқтап, қабырғаларды және аралықтарды қалау және әрлеу жұмыстарын жүргізуде. Күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс, бірақ кестеден ауытқушылықтар бар. Депутаттық рейдке қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының, авторлық және техникалық қадағалау ұйымдарының өкілдері, қоғам өкілі-қала тұрғыны М.Рахымбердиев, мердігер ұйымның басшысы депутаттарды күрделі жөндеу жұмыстарының көлемімен таныстырып, түйткілді мәселелерді талқылады.

Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттары қоғамдық өмірдің өзекті мәселелері және қаланың даму проблемалары мен перспективалары талқыланатын қала мекемелері мен ұйымдарының еңбек ұжыдарымен кездесулерін жалғастыруда. 2022 жылдың 25 наурызында осындай кездесу «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжінде өтті. Педагогтар мен студенттер алдында мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук, Қазақстанның Еңбек Ері, депутат Т.Макишев және № 16 жалпы білім беретін мектеп директоры, депутат Қ.Смайлов сөз сөйледі. Кездесу соңында оқу орнының басшысы Е.Букашкина студенттерді патриот болуға және қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысуға шақырды.