Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттары қоғамдық өмірдің өзекті мәселелері және қаланың даму проблемалары мен перспективалары талқыланатын қала мекемелері мен ұйымдарының еңбек ұжыдарымен кездесулерін жалғастыруда. 2022 жылдың 25 наурызында осындай кездесу «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжінде өтті. Педагогтар мен студенттер алдында мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук, Қазақстанның Еңбек Ері, депутат Т.Макишев және № 16 жалпы білім беретін мектеп директоры, депутат Қ.Смайлов сөз сөйледі. Кездесу соңында оқу орнының басшысы Е.Букашкина студенттерді патриот болуға және қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысуға шақырды.