Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Жаңалықтар (230)

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

| Автор:  Дүйсенбі, 24 Қаңтар 2022 00:00

2022 жылдың 24 қаңтарында мәслихат хатшысы Т.Хмилярчуктың төрағалығымен online режимде өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс 25 сессиясында депутаттар екі мәселе қарады. 2022 – 2024 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша Жезқазған кенті әкімінің м.а. Ә.Баймұратова баяндама жасады. Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша жер учаскелеріне құқық беру жөніндегі жер комиссиясының құрамы бекітілді.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 2-1-бабы 2-тармағының 2), 8) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №05-21/129 хаты негізінде:

Сәтбаев қаласының мәслихаты Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурсты өткізудің 2022 жылғы 20 қаңтардан бастап белгісіз мерзімге ТОҚТАТЫЛА ТҰРАТЫНЫ туралы хабарлайды.

Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс өткізуді қайта бастау туралы ақпарат Сәтбаев қалалық мәслихатының ресми сайтында орналастырылады (http://maslihat.satpaev.gov.kz) және қолданыстағы заңнамаға сәйкес үміткерлердің назарына жеткізіледі.

Қарағанды облысының барлық деңгейдегі қоғамдық кеңесінің жұмыс істейтін құрамы уәкілетті орган шешім қабылдағанға дейін өз қызметін жалғастырады.

Сәтбаев қалалық мәслихаты

ХАБАРЛАНДЫРУ

| Автор:  Жұма, 14 Қаңтар 2022 03:16

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V Заңының негізінде және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережесіне сәйкес Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланады.

Қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 11 адам, оның 2-і – мемлекеттік органның өкілдері, 9-ы – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың арасында өткізіледі.

Конкурсқа қатысушылар «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 10-бабына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (үлгі қалалық мәслихаттың сайтында http://maslihat.satpaev.gov.kz);

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығың болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа құжаттар тапсыру мерзімі:

2022 жылдың 17 қаңтарынан 2022 жылдың 28 қаңтарына (қоса алғанда) дейін.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады:

«Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ, 101302, Сәтбаев қ., Академик Қ.Сәтбаев д., 108, 3-қабат.

Электрондық мекен-жай: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Байланыс телефоны: 8 (71063) 34523, 34453.

Жұмыс тобы

Приложение

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелігіне кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер өмірбаяндық деректерімен

Депутаттар ХҚКО-да болды

| Автор:  Бейсенбі, 13 Қаңтар 2022 09:25

2022 жылы 12 қаңтарда Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының (ХҚКО) Сәтбаев қаласының халыққа қызмет көрсету бөлімінде болды. Бүгінгі таңда ХҚКО мемлекеттік қызметтерді бір терезе қағидаты бойынша көрсетуді қамтамасыз етеді, бұл ретте қызметтердің 90%-дан астамын электронды түрде алуға болады. Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне және интернет желісінің уақытша үзілісіне байланысты жұмыста үзілістер болды, бірақ қазіргі уақытта ХҚКО штаттық режимде жұмыс істейді, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бекітілген стандарттары сақталуда. ХҚКО-ның қалалық бөлімінде азаматтарға қызмет алу мәселелері бойынша ақпаратқа қол жеткізу қамтамасыз етілген. Депутаттар халыққа қызмет көрсетуді жақсарту жөнінде әңгіме жүргізді.

 

Жұмыс тобының кезекті отырысы

| Автор:  Сейсенбі, 11 Қаңтар 2022 00:00

2022 жылы 11 қаңтарда қалалық мәслихатта Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы болып өтті. Жұмыс тобы 2022 жылдың 17-28 қаңтары аралығында Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялау туралы шешім қабылдады, сонымен қатар конкурс өткізу бойынша басқа да ұйымдастыру мәселелерін қарады. Жұмыс тобының конкурс өткізу туралы хабарландыруы қалалық мәслихаттың http://maslihat.satpaev.gov.kz интернет-ресурсында және мәслихаттың Fасеbооk, Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады.