Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V Заңының негізінде және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережесіне сәйкес Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланады.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 11 адам, оның 2-і – мемлекеттік органның өкілдері, 9-ы – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың арасында өткізіледі.
Конкурсқа қатысушылар «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 10-бабына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (үлгі қалалық мәслихаттың сайтында http://maslihat.satpaev.gov.kz);
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығың болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.
Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа құжаттар тапсыру мерзімі:
2022 жылдың 17 қаңтарынан 2022 жылдың 28 қаңтарына (қоса алғанда) дейін.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады:
«Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ, 101302, Сәтбаев қ., Академик Қ.Сәтбаев д., 108, 3-қабат.
Электрондық мекен-жай: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Байланыс телефоны: 8 (71063) 34523, 34453.
Жұмыс тобы