2022 жылы 12 қаңтарда Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының (ХҚКО) Сәтбаев қаласының халыққа қызмет көрсету бөлімінде болды. Бүгінгі таңда ХҚКО мемлекеттік қызметтерді бір терезе қағидаты бойынша көрсетуді қамтамасыз етеді, бұл ретте қызметтердің 90%-дан астамын электронды түрде алуға болады. Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне және интернет желісінің уақытша үзілісіне байланысты жұмыста үзілістер болды, бірақ қазіргі уақытта ХҚКО штаттық режимде жұмыс істейді, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бекітілген стандарттары сақталуда. ХҚКО-ның қалалық бөлімінде азаматтарға қызмет алу мәселелері бойынша ақпаратқа қол жеткізу қамтамасыз етілген. Депутаттар халыққа қызмет көрсетуді жақсарту жөнінде әңгіме жүргізді.