2021 жылдың 4 қарашасында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті. Отырыста екі мәселе қаралды. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша депутаттар «Сәтбаев қаласы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның қызметінің нәтижелері туралы» қалалық пробация қызметінің бастығы М.Ж.Нүркеевтың есебін тыңдады. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы З.С.Таянова «Сауда, азық түлікпен қамтамасыз ету және бағаның өсуін тежеу салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шаралары туралы» баяндама жасады. Баяндамашылардың есебін талқылау барысында депутаттар өзекті мәселелерді көтеріп, мемлекеттік органдардың тиісті бағыттар бойынша қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізді.
Жақында Жезқазған өңірінде "Жошы хан" тарихи-мәдени кешені ашылған болатын. Қалалық мәслихат депутаттары туристер үшін тартымды орын ғана болып қоймай, қазақ халқының тарихын зерттеу орталығына айналуға тиіс бірегей, киелі нысанды көріп қайтты.
Сәтбаев қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясы «Сәтбаев қаласында мектеп оқушыларының денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету шаралары туралы» мәселе бойынша 2021 жылғы 10 қарашада сағат 15.00-де Сәтбаев қаласы әкімдігінің мәжіліс залында көпшілік тыңдау өткізілетінін хабарлайды.
Сіздер сұрақтарыңызды және ұсыныстарыңызды қалалық мәслихатқа (Акад.Қ.Сәтбаев даңғылы, 108, каб 35, эл.адрес: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ) және 3-50-72 телефоны арқылы жолдай аласызар.
Сәтбаев қалалық мәслихаты
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі заңнамалық актілеріне енгізілген өзерістер мен толықтыруларға сәйкес 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап пәтер иелері кооперативтерінің және тұрғын үй-коммуналдық цехтарының орнына әр тұрғын үйдің өз басқару органдары - меншік иелері бірлестігі (МИБ) немесе жай серіктестігі (ЖТ) болуы керек. Қазір республика бойынша жер-жерлерде оларды құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Заңнамадағы жаңашылдықтарды түсіндіру үшін қалалық мәслихат депутаттары тұрғындармен өткізілетін жиындарға қатысуды. 2021 жылдың 28 қазанында мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук және тұрақты комиссия төрағасы С.Нарботаев Абай көшесіндегі үйлердің тұрғындарымен әңгіме жүргізді.
«Сақтандыру медицинасы жағдайындағы медициналық-санитарлық және жедел медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы» мәселені тұрақты комиссия отырысының қарауына әзірлеу барысында 2021 жылдың 27 қазанында Депутат күні болып өтті. Депутаттық ісшара мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук өткізген шұғыл отырыстан басталды. Депутаттар Сәтбаев қаласының емханасында, жедел жәрдем стансасында және орталық ауруханада болды.