Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Жаңалықтар (230)

VІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты

хатшысының шешімі

Сәтбаев қаласы                                  № 4                        2021 жылғы 08 қыркүйек

Қалалық мәслихаттың 16-сессиясын шақыру туралы

Сәтбаев қалалық мәслихатының кезекті он алтыншы сессиясы 2021 жылғы 21 қыркүйекте сағат 11.00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ шақырылсын.

                                                                                                      

Хабарлама

          Қалалық мәслихаттың 2021 жылғы 21 қырүйектегі 16-сессиясында қарауға ұсынылатын мәселелер:

1. Cәтбаев қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі.

2. Атқарушы органның жылу маусымына дайындық және сумен жабдықтау, су бұру және ағынды суларды тазарту жүйелерінің жұмыс істеуі мен дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы.

3. Әртүрлі.

Тұрақты комиссиялардың отырыстары 2021 жылғы 21 қыркүйекте сағат 10.00-де қала әкімдгінің кіші залындаөтеді.

Қалалық мәслихат хатшысы                                                         Т. Хмилярчук

Жаңа жылу маусымына дайындық

| Автор:  Бейсенбі, 09 Қыркүйек 2021 10:09

Жылу беру маусымының басталуына санаулы уақыт қалды. Тұрғын үйлердің дайындық деңгейі қандай, күзгі-қысқы мерзімге әзірлік ісшаралары орындалды ма - қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчуктың басшылығымен 8 қыркүйекте өткізілген депутаттық рейд осы мәселелерге арналды. Депутаттар бүгін №4 ТКУ мен "Изумруд" ПИКінде болды. Тұрғын үй инспекциясының басшысы Ж.Сейілованың және "СәтТазалық" ЖШС директоры А.Қошановтың қатысуымен депутаттар Абай, Ерден, Құсайынов көшелеріндегі үйлерді аралап қарады. ТКУ, ПИК басшылары атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді. Бүгінгі таңға су құбырларын жөндеу жұмыстары аяқталған, үйлердің жылу беру жүйелері гидравликалық сынақтардан өткізуге дайын. Желілерлі толтыру кезінде мүмкін болатын ақауларды жою үшін барлық шаралар қабылданған. Тұрғын үй инспекциясына таяу арада барлық үйлердің түгел дерлік жылу беру маусымына әзірлік актілерін қабылдау жұмысын аяқтау қажет.

Құрметті Сәтбаев қаласының тұрғындары! Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жылу беру мерзіміне әзірлік мәселесі мәслихат сессиясында қаралады. Сіздер ескертулеріңізді, сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңызды 3-45-23 телефоны арқылы хабарлай аласыздар.

2021-2020 жылғы жылу беру маусымына әзірлік мәселесі бойынша депутаттық рейдтер бүгін «Kazakhmys Distribution» ЖШС жылу энергетика кәсіпорнында жалғасты. Кәсіпорын қысқы мезгілге әзірлеу мақсатында №1 және №2 жылу станцияларында қазандықтарды және жылу құбырларын жөндеу бойынша үлкен жұмыс көлемін жоспарлаған. Бүгінгі күні жоспар 95% орындалды. Жұмыс көлемі түгел аяқталсымен 13 қыркүйектен бастап жылу беру құбырларын гидравликалық сынақтан өткізуді бастау жоспарланып отыр. Осы орайда барлық тұрғын үй-коммуналдық цехтар мен пәтер иелері кооперативтері желілерді толтыруға дайындық ісшараларын жүргізулері қажет.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 15-сессиясы

| Автор:  Сейсенбі, 07 Қыркүйек 2021 04:25

2021 жылдың 6 қыркүйегінде қалалық мәслихат хатшысы Хмилярчук Татьяна Ивановнаның төрағалық етуімен 7-шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 15-сессиясы болып өтті.Күн тәртібіне сәйкес депутаттар 2021-2023 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджетіне өзгерістер енгізу, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарының жобаларымен келісу туралы мәселелерді қарады.

Сессияда «Жезқазған кенті әкімінің аппараты» ММ басшысының м.а. Ә.Б. Байтұрсынова,әкім аппаратының стратегиялық жобаларды бақылау және енгізу бөлімінің бастығы А.В.Крацких қаралған мәселелер бойынша тиісті баяндамалар жасады.

Сессия соңында депутаттар мәслихат хатшысы Хмилярчук Т.И. ұсынған қыркүйек айына арналған жұмыс жоспарын талқылады.

2021 жылдың 1 қыркүйегінде Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысуға өтініштер қабылдана бастады.

Кандидат PKREZERV.GOV.KZ сайтының басты бетінде инфографика түрінде берілген резервке іріктеу процесі туралы мәліметтермен (іріктеуге қалай және кім қатыса алады, іріктеудің мерзімдері мен кезеңдері қандай) таныса алады.  

Тіркеу рәсімі барынша жеңілдетілген.  

Үміткерге іріктеу кезеңдерінен өту үшін аты-жөнін, ЖСН-ін, өзіне қолайлы тілді және ең бастысы қолданыстағы электрондық адрес пен ұялы телефонын көрсету қажет.  

Тиісті белгіні қойып, Деректерді сақтау мен өңдеуге арналған келісіммен және Пайдаланушы келісімімен танысып, оларды қабылдау маңызды. Сондай-ақ үміткер белгіленген талаптарды қатаң сақтау бойынша міндеттемені қабылдайды, оның ішінде:

компьютердің, интернет жылдамдығының кемінде секундына 5 Мб және жұмыс істейтін веб-камераның, құлаққап пен микрофонның болуы туралы;

дұрыс емес мәліметтер ұсынылған немесе тапсырмаларды орындауға басқа тұлғаларды тарту фактілері анықталған жағдайда іріктеудің кез келген кезеңінен шығару туралы;

іріктеудің барлық кезеңдерінде тест тапсырмаларының, ситуациялық тапсырмалардың және өзге де ақпараттың мазмұнына қатысты деректерді үшінші тұлғаларға таратпау туралы.

Осы талаптарды қабылдамай, кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қатыса алмайды.

Үміткер талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана іріктеу кезеңдеріне жіберіледі.

ДОСТАР, СӘТТІЛІК КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНЫҢ 30-на ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ‼