Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Жаңалықтар (230)

Қалалық мәслихаттың кезекті 5 сессиясы

| Автор:  Жұма, 19 Наурыз 2021 05:31

2021 жылдың 16 наурызында қалалық мәслихаттың 5 сессиясы болып өтті. Күн тәртібіне сәйкес депутаттар «Сәтбаев қаласы тұтынушыларының үйге ортақ мұқтаждыққа төлемақы төлеуі туралы», «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау шаралары туралы есебі, «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарының жобаларымен келісу туралы» мәселелерді қарап, шешімдер қабылдады.

«Сәтбаев қаласы тұтынушыларының үйге ортақ мұқтаждыққа төлемақы төлеуі туралы» мәселе бойынша «Kazakhmys Distribution» ЖШС-нің атқарушы директоры Ө.О.Жылыбаев, «Казэнергоцентр» ЖШС Жезқазған облысы бойынша өкілі Ю.Черенщикова депутаттарға мәлімет берді.Қазір мәселенің мүдделі органдардың қарауында.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау шараларын іске асыру мәселесі бойынша «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының м.а. А.А.Шоқпытов есеп берді.Сессияның тиісті шешімдерімен 23 жоба келісілді, мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі қалалық ведомстволық штабқа өзгерістер енгізілді. Кезекті сессияның төрағасы болып депутат Досбол Мейірбек сайланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2021 жылдың 3 ақпанында депутат Қайрат Балмағамбетовтың төрағалық етуімен 7-шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 2-сессиясы болып өтті. Күн тәртібіне сәйкес депутаттар 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджетке және халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы мәселелерді қарады.

Сессияда «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ш.М.Әубәкір, «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Б.Т.Әпеков қаралған мәселелер бойынша тиісті баяндамалар жасады. Депутаттар сонымен қатар қалалық мәслихаттың 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын және мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті. Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысов және мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және оның даму келешегі туралы сөз алды.

 

 

WhatsApp Image 2021-02-03 at 16.08.12

WhatsApp Image 2021-02-03 at 16.08.01

WhatsApp Image 2021-02-03 at 16.08.13

WhatsApp Image 2021-02-03 at 16.08.14 (1)

WhatsApp Image 2021-02-03 at 16.08.14

WhatsApp Image 2021-02-03 at 16.08.16

WhatsApp Image 2021-02-03 at 16.08.18

Жаңадан сайланған депутаттар күн тәртібіне сәйкес қалалық мәслихаттың хатшысын сайлау туралы, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру және олардың төрағаларын сайлау туралы мәселелерді қарады. Депутаттардың шешімімен мәслихат хатшысы болып Т.И.Хмилярчук, экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиның төрағасы болып депутат С.Н.Нарботаев, әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Ш.С.Мұхамедғалиева бірауыздан сайланды. Депутаттар сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Сәтбаев қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясын тіркеді. Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасарлары, бірқатар қалалық мекеме, ұйымдар басшылары қатысты.

Қалалық мәслихаттың кезекті 79 сессиясы

| Автор:  Сейсенбі, 12 Қаңтар 2021 10:09

2020 жылғы 28 желтоқсанда өткен Сәтбаев қалалық мәслихатының 79-сессиясында 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджетті және Сәтбаев қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы мәселелер қаралды. «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ш.М.Әубәкір аталған мәселелер бойынша баяндама жасады. Тұрақты комиссияның келер жылғы қалалық бюджет туралы қорытындысын комиссия төрағасы Цой В.Л. баяндады. Күн тәртібіне сәйкес қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчуктың 2020 жылы атқарылған жұмыс туралы есебі тыңдалды. Мәслихат хатшысы өз баяндамасында алтыншы шақырылыстың жұмысын жалпы қорытындылады. Депутаттар сонымен қатар күн тәртібінің басқа мәселелері бойынша шешімдер қабылдады. Кезекті сессияның төрағасы болып депутат Тоқымбаев Е.А. сайланды.

Сессия соңында қала әкімі А.А.Ыдырысов қаланың 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндай келе, депутаттық корпустың үлесін атап өтті.

Қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысқаны және табысты депутаттық қызметі үшін қалалық мәслихаттың бірнеше шақырылымдарының депутаттары Күнеділов Ж.А., Бралин И., Әділбаев К.С., Юстус В.В., Цой В.Л. Сәтбаев қаласының құрмет грамотасымен марапатталды. Депутаттар Ш.С.Мұхамедғалиеваның, Е.А.Тоқымбаевтың, Қ.М.Балмағамбетовтың, Е.Ж. Сатыбалдинның белсенді депутаттық қызметі қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчуктың және «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.М.Балмағамбетовтың Алғыс хаттарымен аталып өтілді.

 

 

 

 

2020 жылдың   19 қарашасында Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 74 сессиясы болып өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайланғандығы туралы хабарлайды.

Қарағанды ​​облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты

«Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа   құрамдарын   сайлау   туралы» Сәтбаев     қалалық     мәслихатының 2019 жылғы 10   қаңтардағы № 367 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» VІ шақырылған Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2020 жылғы 19 қарашадағы 74 сессиясының № 610 шешімімен сайлау комиссияларының құрамдарына енгізілді:

№ 284 сайлау учаскесі

Мұратова Жанар Нұржанқызы

№ 296 сайлау учаскесі

Пазылова Әсел Серікқызы

№ 302 сайлау учаскесі

Бекетбай Мөлдір Дүйсенбекқызы

№ 303 сайлау учаскесі

Нашкенова Динара Қуанышқызы

№ 303 сайлау учаскесі

Сәдуақасова Гүлнар Бақтиярқызы

№ 304 сайлау учаскесі

Әбілмажина Гүлжаухар Іргебайқызы