2020 жылғы 26 тамызда online режимде (Zoom Сloud Meetings қосымшасы арқылы бейнеконференция жүйесінде) депутат Е.А.Тоқымбаевтың төрағалық етуімен қалалық мәслихаттың кезектен тыс 69 сессиясы болып өтті. Депутаттар қалалық мәслихаттың «2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және «Сәтбаев қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселелерді қарады. Сессияда сонымен қатар жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларын келісу және қала әкімі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу жөнінде шешімдер қабылданады. Кезекті сессияның төрағасы болып депутат Қ.М.Балмағамбетов сайланды.
2020 жылдың 29 маусымында Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 66 сессиясы болып өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайланғандығы туралы хабарлайды.
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты
«Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 367 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» VІ шақырылған Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2020 жылғы маусымдағы сессиясының № 533 шешімімен сайлау комиссияларының құрамдарына енгізілді:
№ 282сайлау учаскесі
Түсіпбекова Балжан Тоқтағұлқызы
№ 286 учаскелік сайлау комиссиясы
Байзақова Анар Серікбайқызы
№ 287 учаскелік сайлау комиссиясы
Мұратбек Аяужан Мұратбекқызы
№ 295 сайлау учаскесі
Қойшыбаева Асыл Нұрмағамбетқызы
Оспанова Арайлым Мәжитқызы
№ 300 учаскелік сайлау комиссиясы
Құлашева Нұрқиса Серікқызы
№ 304 учаскелік сайлау комиссиясы
Ахметова Гүлшат Қайратқызы
№ 309 учаскелік сайлау комиссиясы
Нуртазаханова Алия Бейбутовна
Депутаттар қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ш.М.Әубәкірдің Сәтбаев қаласын дамытудың 2016 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасының 2019 жылғы орындалуы туралы және 2019 жылға арналған қалалық бюджеттің орындалуы туралы есептерін; Жезқазған кенті әкімінің м.а. М.М. Кокшиннің 2019 жылғы Жезқазған кенті бюджетінің атқарылуы туралы есебін тыңдады. Мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысын ұсынды. Қаралған мәселелерді қала әкімі А.А. Ыдырысов қорытындылады. Депутаттар жалпы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң көрсеткіштерін атап өтті. Күн тәртібіне сәйкес экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы В.Л. Цойдың атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалып, бекітілді; сондай-ақ ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу туралы шешімдер қабылданды. Кезекті сессияның төрағасы болып депутат Ш.С. Мұхамедғалиева сайланды.
2020 жылғы 13 маусымда Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 65-сессиясы болып өтті. Күн тәртібіне сәйкес сессияда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарының жобаларымен келісу туралы және «Сәтбаев қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 сәуірдегі 63 сессиясының № 530 шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер қаралды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарының сайлауы тағайындалуына байланысты депутаттар сонымен қатар Сенат депутаттығына кандидат ұсыну туралы мәселені қарады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 71-бабына сәйкес депутаттар Ершов Сергей Михайловичты Сенат депутаттығына кандидаттыққа ұсыну туралы «Нұр Отан» партиясының ұсынысын бірауыздан қолдады.
Сессияда барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
2020 жылдың 8 маусымында мәслихат депутаттары және қаланың қоғамдық кеңесі мүшелері құрамындағы депутаттық мониторингтік топ Сәтбаев қаласының орталық ауруханасында болып, Жұмыспен қамту жол картасы аясында өткізіліп отырған аурухананың сыртқы жылумен сумен жабдықтау жүйесінің және перзентхана ғимаратының күрделі жөндеу және аурухана аумағын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.
Барлық жөндеу-монтаждау жұмыстары жоспарланған мерзімдерде басталған, жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу бойынша ескертулер анықталған жоқ. Нысандардағы жұмыстарға жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыз азаматтар тартылған. Мониторингтік топ мүшелері құрылыс материалдарының қазақстандық мазмұнына және сәйкестік сертификаттарының болуына аса мән берді.