«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қарағанды облысының Сәтбаев қалалық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2019 жылғы 4 маусымнан бастап 24 маусымға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған (maslihat.satpaev.gov.kz).
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2020 жылғы 24 маусымға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін.
СӘТБАЕВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ
Қалалық мәслихаттың мекен-жайы: Сәтбаев қаласы, акад. Қ. Сәтбаев даңғылы, 108.
Қалалық мәслихаттың хатшысы – Хмилярчук Татьяна Ивановна.
Материалдарды жинауға жауапты: Махамбетова Қарлығаш Мамедқызы, қалалық мәслихаттың аппарат басшысы, жұмыс тел. (871063) 3-44-53 , факс: (871063) 3-45-23, электрондық почта мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Сәтбаев қалалық мәслихаты бос орындарға учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:
№ р/б |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны |
1. |
№ 282 |
Сәтбаев қаласы, Бабыр би көшесі, 5 «№ 5 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ |
1 |
2. |
№ 286 |
Сәтбаев қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 28 «Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Сәтбаев қаласындағы мамандырылған олимпиалдық резервтегі балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ» |
1 |
3. |
№ 287 |
Сәтбаев қаласы, Ә. Құсайынов көшесі, 23а «Сәтбаев индустриалдық колледжі» |
1 |
4. |
№ 295 |
Сәтбаев қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 11 «№ 19 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ |
2 |
5. |
№ 300 |
Сәтбаев қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 68 «Лекерова» ЖШС |
1 |
6. |
№ 304 |
Сәтбаев қаласы, Академик Қ.Сәтбаев даңғылы,139 құрылыс «№ 9 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ |
1 |
7 |
№309 |
Сәтбаев қаласы, Әубәкір Құсайынов көшесі, 9 «Сәтбаев қаласының № 1 орталық ауруханасы» КМК |
1 |
Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы Т.Хмилярчук
2020 жылдың 27 мамырында Сәтбаев қалалық мәслихаттың кезекті 64 сесссиясы өтті. Депутаттар қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ш.М.Әубәкірдің Сәтбаев қаласын дамытудың 2016 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасының 2019 жылғы орындалуы туралы және 2019 жылға арналған қалалық бюджеттің орындалуы туралы есептерін; Жезқазған кенті әкімінің м.а. М.М. Кокшиннің 2019 жылғы Жезқазған кенті бюджетінің атқарылуы туралы есебін тыңдады. Мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысын ұсынды.
Қаралған мәселелерді қала әкімі А.А. Ыдырысов қорытындылады. Депутаттар жалпы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң көрсеткіштерін атап өтті. Күн тәртібіне сәйкес экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы В.Л. Цойдың атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалып, бекітілді; сондай-ақ ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу туралы шешімдер қабылданды. Кезекті сессияның төрағасы болып депутат Ш.С. Мұхамедғалиева сайланды.
2020 жылдың 29 сәуірінде online режимде (Zoom Сloud Meetings қосымшасы арқылы бейнеконференция жүйесінде) мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчуктың төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс 63 сессиясы болып өтті. Күн тәртібіне сәйкес сессияда Жезқазған кентінің нақтыланған бюджет жобасы, жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2020 - 2021 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы мәселелер қаралды. Депутаттар сонымен қатар жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобасын, Сәтбаев қаласы әкімдігінің жеке құрамын келісті. Мәселелер бойынша Жезқазған кентінің әкімі Д.Қ. Жүнісбеков, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы М.Т. Бапов, Сәтбаев қаласы әкімінің аппарат басшысы А.С. Нысанбаев баянадама жасады. Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сессияны қорытындылай келе, депутаттар төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін депутаттық қызметті жандандыру жоспарын талқылады.
«Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы 42 сессиясының № 377 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
«Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы 42 сессиясының № 377 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген кеңестің құрамына енгізілсін:
Қадырова Перизат Қазиқызы - «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы;
кеңес құрамынан Ә.Д. Сейтжанова шығарылсын.
Сессия төрағасы: Қ. Әділбаев
Қалалық мәслихат хатшысы: Т. Хмилярчук