Депутаттар «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарының жобаларымен келісу туралы» және «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы 41 сессиясының № 367 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелерді қарады. Қабылданған шешімдерге сәйкес 7 шарт жобасымен келісілді, кейбір учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан 23 мүше шығарылды. Сессия соңында депутаттар мәслихат хатшысы Хмилярчук Т.И. ұсынған маусым айына арналған жұмыс жоспарын талқылады. Таяу арада депутаттық рейдтер, көпшілік тыңдаулар, депутат күні өткізіледі.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қарағанды облысының Сәтбаев қалалық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2021 жылғы 4 маусымнан бастап 18 маусымға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған (maslihat.satpaev.gov.kz).
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2021 жылғы 18 маусымға дейін сағат 09:00-18:30 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін.
СӘТБАЕВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ
Қалалық мәслихаттың мекен-жайы: Сәтбаев қаласы, акад. Қ. Сәтбаев даңғылы, 108.
Қалалық мәслихаттың хатшысы – Хмилярчук Татьяна Ивановна.
Материалдарды жинауға жауапты: Құлашева Динара Бегалықызы, қалалық мәслихаттың бас маман-заңгері, жұмыс тел. (871063) 3-50-72, факс: (871063) 3-45-23, электрондық почта мекен-жайы:
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
.
Сәтбаев қалалық мәслихаты бос орындарға учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:
№ |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны |
1. |
№ 282 |
Сәтбаев қаласы, Бабыр би көшесі, 5 («№ 5 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ) |
2 |
2. |
№ 284 |
Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 14а («№ 27 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ) |
1 |
3. |
№ 285 |
Сәтбаев қаласы, Жеңіс көшесі, 17 («№ 3 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ) |
1 |
4. |
№ 286 |
Сәтбаев қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 28 (Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Сәтбаев қаласындағы мамандырылған олимпиалдық резервтегі балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ) |
1 |
5. |
№ 287 |
Сәтбаев қаласы, Әубәкір Құсайынов көшесі, 23а («Сәтбаев индустриалдық колледжі» КММ) |
2 |
6. |
№ 288 |
Сәтбаев қаласы, Әубәкір Құсайынов көшесі, 8 («Қазақстан халқының қоғамдық, рухани және ұлтаралық келісім орталығы» КММ) |
2 |
7. |
№ 289 |
Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 144 («№ 1 мектеп – гимназиясы» КММ) |
1 |
8. |
№ 290 |
Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 144 («№ 1 мектеп – гимназиясы» КММ) |
1 |
9. |
№ 291 |
Сәтбаев қаласы, Академик Қ. Сәтбаев даңғылы, 114а («Абай атындағы № 4 лицей-мектебі» КММ) |
2 |
10. |
№ 294 |
Сәтбаев қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 12а («№ 25 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ) |
1 |
11. |
№ 297 |
Сәтбаев қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 11а («С. Сейфуллин атындағы гимназия» КММ) |
1 |
12. |
№ 298 |
Сәтбаев қаласы, Академик Қ.Сәтбаев даңғылы, 114а («Абай атындағы № 4 лицей-мектебі» КММ) |
1 |
13. |
№ 302 |
Сәтбаев қаласы, Академик Қ.Сәтбаев даңғылы, 154 («№ 16 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ) |
1 |
14. |
№ 303 |
Сәтбаев қаласы, Академик Қ.Сәтбаев даңғылы, 154 («№ 16 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ) |
1 |
15. |
№ 305 |
Сәтбаев қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 5 («Сәтбаев қаласының емханасы» КМК) |
1 |
16. |
№ 306 |
Жезқазған кенті, Жамбыл көшесі, 9 («Жезқазған кентінің әкімі аппараты» ММ) |
1 |
17. |
№ 307 |
Сәтбаев қаласы, Ерден көшесі, 217 («№ 15 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ) |
1 |
2021 жылдың 11 мамырында Сәтбаев қалалық мәслихатының 9-сессиясы өтті. Депутаттар «Сәтбаев қаласы экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ш.М.Әубәкірдің Сәтбаев қаласын дамытудың 2016 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасының 2020 жылғы орындалуы туралы және 2020 жылға арналған қалалық бюджеттің орындалуы туралы есептерін; Жезқазған кентінің әкімі А.Қ. Құрақбайдың 2020 жылғы Жезқазған кенті бюджетінің атқарылуы туралы есебін тыңдады.
Сессияда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі В.Ф.Александрова, экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Ш.С.Жанғаскинова қортындылар ұсынды. Қаралған мәселелер бойынша қала әкімінің орынбасары Д.Қ. Жүнісбеков қорытынды сөз алды. Кезекті сессияның төрағасы болып депутат Т.Ш.Макишев сайланды.
2021 жылдың 5 мамырында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы болып өтті. Депутаттар «Сәтбаев қаласын санитарлық тазалауға және абаттандыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді жұмсауға бақылау жүргізу туралы» мәселені қарады. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің басшысы Н.А.Кенжеғұлов, «Сәт Тазалық» ЖШС-нің директоры А.Ө.Қошанов, депутат Л.Ә.Мыңбаева атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттар берді. Депутаттық комиссияның рейдтік ісшаралар нәтижесі бойынша жасалған қорытындысында абаттандыру жұмыстарын күшейту қажеттілігі атап көрсетілді. Отырыс соңында тұрақты комиссияның тиісті қаулысы қабылданды.
2021 жылдың 2 сәуірінде депутат Д.Ө.Мейірбектің төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 7-сессиясы өтті. Күн тәртібіне сәйкес депутаттар 2021-2023 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселені қарап, тиісті шешім қабылдады.
Негізгі мәселені қарамас бұрын қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Н.А.Геймбух «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы Саяси кеңесінің қаулысы негізінде қалалық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 18 наурыздағы қаулысымен депутат мандаты берілген Смайлов Қайрат Құлыбекұлына қалалық мәслихат депутатының куәлігі мен төсбелгісін тапсырды. Мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук және қала әкімінің м.а. А.Қ.Төлендина депутатты құттықтап, жемісті қызмет тіледі. Кезекті сессияның төрағасы болып депутат Л.Ә.Мыңбаева сайланды. Мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук қалалық мәслихаттың 2021 жылдың I тоқсанындағы қызметін қорытындылап, алдағы мақсаттарды белгіледі.