2021 жылдың 11 мамырында Сәтбаев қалалық мәслихатының 9-сессиясы өтті. Депутаттар «Сәтбаев қаласы экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ш.М.Әубәкірдің Сәтбаев қаласын дамытудың 2016 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасының 2020 жылғы орындалуы туралы және 2020 жылға арналған қалалық бюджеттің орындалуы туралы есептерін; Жезқазған кентінің әкімі А.Қ. Құрақбайдың 2020 жылғы Жезқазған кенті бюджетінің атқарылуы туралы есебін тыңдады.
Сессияда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі В.Ф.Александрова, экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Ш.С.Жанғаскинова қортындылар ұсынды. Қаралған мәселелер бойынша қала әкімінің орынбасары Д.Қ. Жүнісбеков қорытынды сөз алды. Кезекті сессияның төрағасы болып депутат Т.Ш.Макишев сайланды.