Жексенбі, 27 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Сейсенбі, 11 Мамыр 2021 04:02
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

2021 жылдың 5 мамырында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы болып өтті. Депутаттар «Сәтбаев қаласын санитарлық тазалауға және абаттандыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді жұмсауға бақылау жүргізу туралы» мәселені қарады. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің басшысы Н.А.Кенжеғұлов, «Сәт Тазалық» ЖШС-нің директоры А.Ө.Қошанов, депутат Л.Ә.Мыңбаева атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттар берді. Депутаттық комиссияның рейдтік ісшаралар нәтижесі бойынша жасалған қорытындысында абаттандыру жұмыстарын күшейту қажеттілігі атап көрсетілді. Отырыс соңында тұрақты комиссияның тиісті қаулысы қабылданды.

 

Оқылды: 367 рет