Жексенбі, 27 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы ХАБАРЫ

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Бейсенбі, 03 Маусым 2021 07:48
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қарағанды облысының Сәтбаев қалалық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2021 жылғы 4 маусымнан бастап 18 маусымға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған (maslihat.satpaev.gov.kz).
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2021 жылғы 18 маусымға дейін сағат 09:00-18:30 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін.

СӘТБАЕВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ
Қалалық мәслихаттың мекен-жайы: Сәтбаев қаласы, акад. Қ. Сәтбаев даңғылы, 108.
Қалалық мәслихаттың хатшысы – Хмилярчук Татьяна Ивановна.
Материалдарды жинауға жауапты: Құлашева Динара Бегалықызы, қалалық мәслихаттың бас маман-заңгері, жұмыс тел. (871063) 3-50-72, факс: (871063) 3-45-23, электрондық почта мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .
Сәтбаев қалалық мәслихаты бос орындарға учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:


п/п

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны

1.

№ 282

Сәтбаев қаласы, Бабыр би көшесі, 5

(«№ 5 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ)

2

2.

№ 284

Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 14а

(«№ 27 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ)

1

3.

№ 285

Сәтбаев қаласы, Жеңіс көшесі, 17

(«№ 3 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ)

1

4.

№ 286

Сәтбаев қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 28 (Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Сәтбаев қаласындағы мамандырылған олимпиалдық резервтегі балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ)

1

5.

№ 287

Сәтбаев қаласы, Әубәкір Құсайынов   көшесі, 23а

(«Сәтбаев индустриалдық колледжі» КММ)

2

6.

№ 288

Сәтбаев қаласы, Әубәкір Құсайынов көшесі, 8

(«Қазақстан халқының қоғамдық, рухани және

ұлтаралық келісім орталығы» КММ)

2

7.

№ 289

Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 144

(«№ 1 мектеп – гимназиясы» КММ)

1

8.

№ 290

Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 144

(«№ 1 мектеп – гимназиясы» КММ)

1

9.

№ 291

Сәтбаев қаласы, Академик Қ. Сәтбаев даңғылы, 114а

(«Абай атындағы № 4 лицей-мектебі» КММ)

2

10.

№ 294

Сәтбаев қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 12а

(«№ 25 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ)

1

11.

№ 297

Сәтбаев қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 11а

(«С. Сейфуллин атындағы гимназия» КММ)

1

12.

№ 298

Сәтбаев қаласы, Академик Қ.Сәтбаев даңғылы, 114а

(«Абай атындағы № 4 лицей-мектебі» КММ)

1

13.

№ 302

Сәтбаев қаласы, Академик Қ.Сәтбаев даңғылы, 154

(«№ 16 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ)

1

14.

№ 303

Сәтбаев қаласы, Академик Қ.Сәтбаев даңғылы, 154

(«№ 16 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ)

1

15.

№ 305

Сәтбаев қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 5

(«Сәтбаев қаласының емханасы» КМК)

1

16.

№ 306

Жезқазған кенті, Жамбыл көшесі, 9

(«Жезқазған кентінің әкімі аппараты» ММ)

1

17.

№ 307

Сәтбаев қаласы, Ерден көшесі, 217

(«№ 15 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ)

1

Оқылды: 684 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 03 Маусым 2021 07:51