Жыл сайын қалалық мәслихат депутаттары жазғы кезеңде алдымыздағы жылу беру маусымына әзірлік мәселесін бақылауда ұстайды. Осылайша, 2021 жылдың 11 тамызында мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчуктің басшылығмен депутаттар Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорынында болды. Кәсіпорында жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Бүгінгі күні ұзындығы 22,4 км желілерді жөндеу аяқталды, 4 сорғы жабдығы ауыстырылды.
Құрметті тұрғындар! Қызмет көрсетуші ұйымдарды, әлеуметтік-тұрмыстық нысандарды және қаланың тұрғын үй қорын 2021-2022 жылу беру маусымына дайындау бойынша рейдтік шаралар одан әрі жалғасады. Сіздер өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды 3-45-23 телефоны арқылы мәслихатқа жолдай аласыздар.
2021 жылдың 30 маусымында Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 11 сессиясы болып өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайланғандығы туралы хабарлайды.
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты
«Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 367 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» VІІ шақырылған Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 маусымдағы 11 сессиясының № 77 шешімімен сайлау комиссияларының құрамдарына енгізілді:
№ 282сайлау учаскесі
Умарова Оксана Игоревна
Гладко Полина Александровна
№ 284 сайлау учаскесі
Ғалымов Мәди Мүслімұлы
№ 285 сайлау учаскесі
Оңдыбаев Мұрат Саламатұлы
№ 286 сайлау учаскесі
Сотникова Ольга Игоревна
№ 287 сайлау учаскесі
Шырдаева Жұлдыз Әбдуәліқызы
Жауен Маржан Әбдрашитқызы
№ 288 сайлау учаскесі
Нашкенова Динара Қуанышқызы
Ташетова Гүлсім Бақтиярқызы
№ 289 сайлау учаскесі
Сәрсекеева Ақбота Тілеуқызы
№ 290 сайлау учаскесі
Сыздықова Фариза Отжанқызы
№ 291 сайлау учаскесі
Имамбай Серік Сағынатұлы
Қасымова Гүлдәурен Ырзалыққызы
№ 294 сайлау учаскесі
Жұмашева Венера Серікқызы
№ 297 сайлау учаскесі
Жамангарина Жанар Сәрсенбайқызы
№ 298 сайлау учаскесі
Оңдыбаева Айжарқын Күзенбайқызы
№ 302 сайлау учаскесі
Мұратбек Аяужан Мұратбекқызы
№ 303 сайлау учаскесі
Байболова Жансая Сағындыққызы
№ 305 сайлау учаскесі
Әмірова Қарагөз Дарханқызы
№ 306 сайлау учаскесі
Шубаева Күнжан Қайықбайқызы
№ 307 сайлау учаскесі
Хайбулина Татьяна Азатовна
2021 жылдың 30 маусымындаonline режимде (Zoom) қалалық мәслихаттың кезектен тыс 11-сессиясы өтті. Депутаттар «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы 41 сессиясының №367 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарының жобаларымен келісу туралы» мәселелерді қарады. Қабылданған шешімдерге сәйкес саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктің ұсыныстары негізінде 17 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына шығып қалғандарының орнына 21 мүше сайланды, 3 шарт жобасы келісілді. Кезекті сессия төрағасы болып депутат Ш.С.Жангаскинова сайланды.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
$11. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 484 «2020 – 2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5614 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 31 желтоқсанда, «Шарайна» газетінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 1-2 (2398-2399) нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2020 – 2022 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшыларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемінде бекітілсін:
$11) кірістер – 17 529 028 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 4 005 552 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 57 413 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 46 122 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 13 419 941 мың теңге;
$12) шығындар – 21 506 392 мың теңге;
$13) таза бюджеттік кредиттеу – алу 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
$14) қаржы активтерімен жасалатыноперациялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
$15) бюджеттің тапшылығы (профициті) – алу 3 977 364 мың теңге;
$16) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 3 977 364 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 2 514 190 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 463 174 мың теңге.»;
5 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«5. Жергілікті атқарушы органның 2020 жылға арналған резерві 140 000 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
В. Юстус |
|
Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы |
Т. Хмилярчук |
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
$11. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 484 «2020 – 2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5614 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 31 желтоқсанда, «Шарайна» газетінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 1-2 (2398-2399) нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2020 – 2022 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
$11) кірістер – 17 792 682 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 4 005 552 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 57 413 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 46 122 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 13 683 595 мың теңге;
$12) шығындар – 22 098 177 мың теңге;
$13) таза бюджеттік кредиттеу – алу 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
$14) қаржы активтерімен жасалатыноперациялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
$15) бюджеттің тапшылығы (профициті) – алу 4 305 495 мың теңге;
$16) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 4 305 495 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 2 842 321 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 463 174 мың теңге.»;
5 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«5. Жергілікті атқарушы органның 2020 жылға арналған резерві 100 000 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
Е. Токимбаев |
|
Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы |
Т. Хмилярчук |