Жексенбі, 27 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 484 «2020 – 2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Дүйсенбі, 07 Маусым 2021 05:46
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

$11.       Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 484 «2020 – 2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5614 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 31 желтоқсанда, «Шарайна» газетінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 1-2 (2398-2399) нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1. 2020 – 2022 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшыларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемінде бекітілсін:

$11)     кірістер – 17 529 028 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 4 005 552 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 57 413 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 46 122 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 13 419 941 мың теңге;

$12)    шығындар – 21 506 392 мың теңге;

$13)     таза бюджеттік кредиттеу – алу 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

$14)     қаржы активтерімен жасалатыноперациялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

$15)     бюджеттің тапшылығы (профициті) – алу 3 977 364 мың теңге;

$16)     бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру –      3 977 364 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 2 514 190 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 463 174 мың теңге.»;

5 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«5. Жергілікті атқарушы органның 2020 жылға арналған резерві 140 000 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

         көрсетілген шешімнің 1, 4 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

         2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы

 

В. Юстус

Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы

 

Т. Хмилярчук

 

Оқылды: 108 рет Соңғы рет өзгертілді: Сейсенбі, 08 Маусым 2021 09:19