2021 жылдың 11 қазанында мәслихат хатшысы Хмилярчук Т.И. қалалық мәслихаттың кезектен тыс 17-сессиясын өткізді.Күн тәртібіне сәйкес депутаттар жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарының жобаларымен келісу және жер телімдеріне құқық беру жөніндегі жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелерді қарады. Сессия жұмысы басталмас бұрын мәслихат хатшысы депутаттарға жаңадан тағайындалған қала әкімінің орынбасары Әубәкір Шапағат Момынбайұлын таныстырды.
Сессия соңында депутаттар қазан айының жұмыс жоспарын талқылады.
2021 жылдың 8 қарашасында мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук бастаған депутаттық топ Жеңіс саябағын қайта құру жұмыстарының барысын бақылау бойынша рейд өткізді. Депутаттар саябақты қайта құру жұмыстарының жүргізілу және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылу барысымен танысты.
Бақылауды қортындылай келе, мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук Сәтбаев қалалық мәслихаты депутаттарының көшеттерді отырғызуға қатысуы туралы бастама көтерді.
Қалалық мәслихаттың 2021 жылғы 21 қыркүйекте өткен 16 сессиясында Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысов өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы депутаттар алдында есеп берді. Әкім өз есебінде қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы туралы ақпарат берді. Қазіргі таңда Есқұла су құбырын қайта құру, кәріздік коллектордың құрылысын салу, жерасты суларын құрғату, №1 және №2 жылу станцияларының ортасында жаңа жылу магистралін салу бойынша ауқымды инвестициялық жобалар іске асырылуда.
Одан әрі депутаттар «Атқарушы органның жылу маусымына әзірлік және сумен жабдықтау, су бұру және ағынды суларды тазарту жүйелерінің жұмыс істеуі мен дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы» мәселені қарады, ол жайында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Н.А. Кенжеғұловтың ақпараты тыңдалды. Тұрақты комиссияның төрағасы С.Н.Нарботаев депутаттық рейдтер барысында анықталған ескертулер мен ұсыныстар жөнінде баяндады. Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес қалалық мәслихаттың регламенті жаңа редакцияда бекітілді.
Сессия жұмысына мемлекеттік мекемелердің және қызмет көрсетуші кәсіпорындардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Сессия Aitube платформасы арқылы онлайн форматтаөтті.
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2021 жылдың 17 қыркүйегінде болған кеңейтілген отырысында депутаттар «Сәтбаев қаласында жастар саясатын іске асыру барысы туралы», «Дене шынықтыру мен спортты дамыту, көпшіліктің бос уақытын ұйымдастыру, қаланың аула клубтары мен спорттық құрылғыларының жұмысы мен келешегі туралы» мәселелерді талқылады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде уәкілетті органдардың басшылары есеп берді. Депутаттар тарапынан «Жасыл ел» отрядының жұмысын ұйымдастыру, аула клубтарының жазғы мезгілдегі жұмысы жөнінде сын ескертпелер айтылды. Қарау қорытындысында депутаттар тиісті қаулы қабылдады. Отырысқа мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук, қала әкімінің орынбасары А.Төлендина қатысты. Отырысты әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ш.Мұхамедғалиева жүргізді.
Қаланың күзгі-қысқы жылу беру маусымына дайындығы мәселесін сессияның қарауына әзірлеу аясында депутаттар тұрғын үйлердегі рейдттеді жалғыстырып, бүгін Гурба, Мәңгілік ел көшелеріндегі, Қ.Сәтбаев даңғылындағы №1 ТКУ және "Қайсар" ПИК қызмет көрсететін бірнеше үйді аралады. Депутаттар атап өткендей, тексерілген үйлерде жылумен қамтуға дайындық жұмыстары жүргізілген. Тұрғындар тарапынан былтырғы жылу беру маусымының өту барысына шағымдар болған жоқ. Рейд барысында депутаттар анықтаған кемшіліктер мен ұсыныстар орындаушыларға жеткізіліп, қалалық мәслихаттың бақылауына алынды.