Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Жаңалықтар (230)

2021 жылдың 21 қазанында қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчуктың төрағалық етуімен 7-шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 18-сессиясы болып өтті. Сессияда күн тәртібі бойынша 3 сұрақ қаралды.

2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу мәселесі бойынша «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының м.а. К.Қ.Бегенованың баяндамасы тыңдалып, қабылданған шешіммен бюджет кірістерінің түсімдері, атап айтқанда, Тәуелсіздік күніне орай мүгедектерге материалдық көмек көрсетуге, көшелерді жарықтандыруға, Қалмағанбетов, Мұқанов, Ерден көшелерінде кәріз желілерінің құрылысын аяқтауға бөлінді.

Күн тәртібінің екінші мәселе бойынша депутаттар тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау жөнінде шешім қабылдады.Тұрғын үй сертификаты - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны. Аталған нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

Сондай-ақ депутаттар жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарының жобаларын келісті.

 

Жеңіс саябағында ағаш отырғызу

| Автор:  Жұма, 22 Қазан 2021 04:27

Жеңіс саябағында ағаш отырғызу жұмыстары басталды. 2021 жылдың 15 қазанында депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшелері қарағай егуге қатысты.

 

Рейдтік ісшаралар

| Автор:  Жұма, 22 Қазан 2021 04:26

Қалалық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес қараша айында тұрақты комиссия отырысында «Сәтбаев қаласында сауда, қоғамдық тамақтандыру, азық-түлікпен қамтамасыз ету және бағаның өсуін тежеу салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шаралары туралы» мәселе қаралады. Мәселені әзірлеу барысында депутаттар сауда объектілерінде рейдтік жұмыстар жүргізуді бастады. Мәслихат хатшысы Т.Хмилярук және «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, депутаттық фракция жетекшісі Қ.Балмағамбетов 2021 жылдың 15 қазанында қала әкімі А. Ыдырысовтың бастамасымен ұйымдастырылған «Жасыл керуенде» болып қайтты. «Жасыл керуенде» оңтүстік өңірлерден тікелей әкелінген жеміс-жидектер төмен бағамен сатылды. Депутаттар сонымен қатар қалалықтар арасында танымал «Түркістан» әлеуметтік павильонында және «Ғалия Бану» шағын базарында болды.

 

Реабилитациялық орталықтың ашылуы

| Автор:  Жұма, 15 Қазан 2021 04:27

2021 жылдың 14 қарашасында біздің қаламызда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық ашылды. Ашылу салтанатына жиналғандарды қала әкімі А.Ыдырысов және мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук құттықтады. Татьяна Ивановна балалар үшін кедергісіз орта құруға көмек берген жандарға алғыс білдіріп, балалар орталығына депутаттық корпус атынан сыйлық табыстады.

Автокөлік санының артуына байланысты жол қозғалысының да күрделенетіні белгілі. Оқушылар мен тәрбиеленушілердің қауіпсіздігі үшін жағдайлар жасалған ба, қаланың білім беру мекемелерінің маңында жол қауіпсіздігі қандай деңгейде қамтамасыз етілген – қалалық мәслихат депутаттарының жол және техникалық инспекция тобының мемлекеттік автоинспекторының, ТКШ, білім бөлімдерінің жауапты мамандарының қатысуымен 2021 жылдың 12 қазанында өткізген рейді осы мәселелерге арналды. Мониторингпен   қаланың жалпы білім беру мектептері қамтылды. Жыл сайын білім бөлімі жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп мектептер мен балалар бақшаларының жанында орнатылған жол белгілерінің жағдайына тексеру жүргізіп отырады. Рейд барысында депутататр тарапынан анықталған ескертулер «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен пысықталатын болады.