2021 жылдың 14 қарашасында біздің қаламызда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық ашылды. Ашылу салтанатына жиналғандарды қала әкімі А.Ыдырысов және мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук құттықтады. Татьяна Ивановна балалар үшін кедергісіз орта құруға көмек берген жандарға алғыс білдіріп, балалар орталығына депутаттық корпус атынан сыйлық табыстады.