Қалалық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес қараша айында тұрақты комиссия отырысында «Сәтбаев қаласында сауда, қоғамдық тамақтандыру, азық-түлікпен қамтамасыз ету және бағаның өсуін тежеу салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шаралары туралы» мәселе қаралады. Мәселені әзірлеу барысында депутаттар сауда объектілерінде рейдтік жұмыстар жүргізуді бастады. Мәслихат хатшысы Т.Хмилярук және «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, депутаттық фракция жетекшісі Қ.Балмағамбетов 2021 жылдың 15 қазанында қала әкімі А. Ыдырысовтың бастамасымен ұйымдастырылған «Жасыл керуенде» болып қайтты. «Жасыл керуенде» оңтүстік өңірлерден тікелей әкелінген жеміс-жидектер төмен бағамен сатылды. Депутаттар сонымен қатар қалалықтар арасында танымал «Түркістан» әлеуметтік павильонында және «Ғалия Бану» шағын базарында болды.