Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Жұма, 22 Қазан 2021 04:33
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

2021 жылдың 21 қазанында қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчуктың төрағалық етуімен 7-шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 18-сессиясы болып өтті. Сессияда күн тәртібі бойынша 3 сұрақ қаралды.

2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу мәселесі бойынша «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының м.а. К.Қ.Бегенованың баяндамасы тыңдалып, қабылданған шешіммен бюджет кірістерінің түсімдері, атап айтқанда, Тәуелсіздік күніне орай мүгедектерге материалдық көмек көрсетуге, көшелерді жарықтандыруға, Қалмағанбетов, Мұқанов, Ерден көшелерінде кәріз желілерінің құрылысын аяқтауға бөлінді.

Күн тәртібінің екінші мәселе бойынша депутаттар тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау жөнінде шешім қабылдады.Тұрғын үй сертификаты - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны. Аталған нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

Сондай-ақ депутаттар жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарының жобаларын келісті.

 

Оқылды: 257 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жеңіс саябағында ағаш отырғызу «Депутат күні» »