Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2021 жылдың 17 қыркүйегінде болған кеңейтілген отырысында депутаттар «Сәтбаев қаласында жастар саясатын іске асыру барысы туралы», «Дене шынықтыру мен спортты дамыту, көпшіліктің бос уақытын ұйымдастыру, қаланың аула клубтары мен спорттық құрылғыларының жұмысы мен келешегі туралы» мәселелерді талқылады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде уәкілетті органдардың басшылары есеп берді. Депутаттар тарапынан «Жасыл ел» отрядының жұмысын ұйымдастыру, аула клубтарының жазғы мезгілдегі жұмысы жөнінде сын ескертпелер айтылды. Қарау қорытындысында депутаттар тиісті қаулы қабылдады. Отырысқа мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук, қала әкімінің орынбасары А.Төлендина қатысты. Отырысты әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ш.Мұхамедғалиева жүргізді.