Бүгінгі қалалық мәслихаттың 51-сессиясында қала әкімі А.А. Идрисов депутаттарға өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы баяндады.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысы туралы және әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмысы туралы есептерін тыңдап, жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларын келісті. Кезекті сессия депутаты болып депутат Ш.С. Мұхамедғалиева сайланды. Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
2019 жылғы 20 тамызда қала әкімдігінде өткен депутаттық сағат отырысында депутаттар «Оқушыларды жазғы сауықтыру қорытындылары туралы» мәселені қарады.
«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Б.Б.Ақышбековтың ақпараты тыңдалғаннан кейін қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук жиналғандардың назарына депутаттық рейдтердің қорытындысы бойынша жасалған анықтаманы ұсынды. Мәселені қарау нәтижесінде оқушыларды жазғы сауықтыруды ұйымдастыруды әдістемелік сүйемелдеу жұмысын жалғастыру, сондай-ақ жазғы сауықтыруды есепке ала отырып, оқушылардың ауруға шалдығуына талдау жүргізу ұсынылды.
Жалпы, депутаттар мектеп жанындағы жазғы лагерьлерде балаларды сауықтыру жұмысына қанағаттанарлық баға берді.
2019 жылғы 12 шілдеде Сәтбаев қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының және кезектен тыс 48 сессиясының отырысы болып өтті. Депутаттар экономика және қаржы бөлімінің ұсынысы бойынша 2019 жылға арналған қалалық бюджетті нақтылады, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарудың 44 шартымен келісілді және жер телімдеріне құқық беру жөніндегі жер комиссиясының құрамындағы өзгерістерді бекітті.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында сонымен қатар № 19 жалпы білім беретін мектептің ата-аналарынан келіп түскен ұжымдық өтініш қаралды.
Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
2019 жылғы 03 шілдеде қалалық әкімдікте Сәтбаев қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының және кезектен тыс 47 сессия отырыстары өтті. Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында күн тәртібіндегі мәселе алдын ала қаралғаннан кейін сессияда Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 355 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізілді. Депутаттар 28 мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларын мақұлдады.
Тұрақты комиссия отырысында Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шара нәтижелері де қаралды, бұл мәселе бойынша қаланың мемлекеттік мекемелерінің басшылары өз есептерін ұсынды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия және тұрақты комиссиялар отырыстарына қала әкімінің орынбасары А.Қ. Төлендина, бірқатар мемлекеттік мекемелер басшылары қатысты.
Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілері бекітілген Ісшаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі күніне арналған шаралар өткізді. Мәселен, көктемгі екіайлық аясында мемлекеттік қызметшілер қалалық және облыстық сенбіліктерге қатысты, олармен Кеншілер алаңында ағаштар отырғызылды, бекітілген аймақта санитарлық тазалау жүргізілді. Салауатты өмір салтын насихаттау және спорттың жаппай түрлерін көпшілікке тарату мақсатында аппарат қызметкерлері облыстың мәслихаттары депуттатары мен аппарат қызметкерлері арасында өткен спартакиадаға қатысты. Б.Бұлқышев атындағы қалалық орталықтандырылған кітапханада мемлекеттік қызметшілермен патриоттық тақырыпта әдеби шығармаларды мәнерлеп оқу сағатын өткізді.