2019 жылғы 5 маусымда Сәтбаев қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы және 46 сессиясы болып өтті. Депутаттар Сәтбаев қаласының және Жезқазған кентінің 2018 жылғы бюджеттерінің орындалуы туралы есептерді қарады (баяндамашылар экономика және қаржы бөлімі басшысының м.а. Әубәкіров Ш.М. және кент әкімінің м.а. Кокшин М.М.). Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі В.Ф.Александрова облыстық тексеру комиссиясының қорытындысымен сөз алды. Сессияда күн тәртібіне сәйкес қалалық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ж.Қ.Жүнісовтың бөлімнің қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы ақпараты тыңдалды. Мәселелерді талқылауды қала әкімі А.Ыдырысов және қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук атқарылған жұмыстарды талдаумен қорытындылап, тиісті шешімдер қабылданды.
Сәтбаев қаласы 2019 жылғы «4» наурыз
17.00 сағат
Көпшілік тыңдаулар «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 2-тарауы 5-тармағына сәйкес тағайындалады және өтеді - Сәтбаев қаласы әкімінің Сәтбаев қаласының 8-шағын ауданына және 8-шағын ауданындағы кейбір көшелерге атау беру мәселесі бойынша өтінімдеріне (2019 жылғы 12 ақпандағы №8-1-8/65 және №8-1-8/66) байланысты, тиісті аумақ халқының пікірі мәслихаттың тұрақты комиссияларында өткізілген көпшілік тыңдауарының негізінде ескеріліп, хаттамамен рәсімделеді.
Көпшілік тыңдаулардың ұйымдастырушысы: әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия.
Көпшілік тыңдауларды өткізу туралы ресми жариялау: 2019 жылғы 22 ақпандағы № 7(2352) «Шарайна» газеті, қалалық мәслихаттың және қала әкімдігінің интернет-ресурстары, «Ақшам» телеарнасы 2019 жылғы 26 ақпан – 3 наурыз.
Көпшілік тыңдаулар өткізу күні: 2019 жылғы 4 наурыз.
Тіркелген қатысушылар саны: 110 адам.
Күн тәртібі
Сәтбаев қаласының 8-шағын ауданына және 8-шағын ауданындағы кейбір көшелерге атау беру.
Тыңдалды: «Сәтбаев қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Қ.Төлеш, «Сәтбаев қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Қ.Бекжігітов, «Шындық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Дастанов, қалалық мәслихат депутаттары Қ.Әділбаев, И.Бралин, Т.Хмилярчук, «Шарайна» газетінің тілшісі І.Белгібай, Сәтбаев қаласының құрметті азаматы М.Тілеуов, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы С.Омаров, «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы «Ардагерлер кеңесі» ҚБ Сәтбаев филиалы бюросының жетекшісі Ә.Молақов, еңбек ардагері Ө.Сартов, Сәтбаев қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Г.Жалмурзина.
Сәтбаев қаласының 8-шағын ауданына «Байқоныс» шағын ауданы атауын беру мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары көпшілік тыңдаулар барысында келесідей болды:
110 дауыс – «жақтады».
Сәтбаев қаласының 8-шағын ауданындағы 4-көшеге Кейкі батыр көшесі атауын беру мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары көпшілік тыңдаулар барысында келесідей болды:
110 дауыс - «жақтады».
Сәтбаев қаласының 8-шағын ауданындағы 5-көшеге Арғанаты көшесі атауын беру мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары көпшілік тыңдаулар барысында келесідей болды:
110 дауыс - «жақтады».
Сәтбаев қаласының 8-шағын ауданындағы 6-көшеге Кетбұқа көшесі атауын беру мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары көпшілік тыңдаулар барысында келесідей болды:
107 дауыс - «жақтады»;
3 дауыс - «қарсы».
Сәтбаев қаласының 8-шағын ауданындағы 7-көшеге Едіге батыр атауын беру мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары көпшілік тыңдаулар барысында келесідей болды:
104 дауыс - «жақтады»;
2 дауыс - «қарсы»;
4 дауыс – «қалыс қалды».
Сәтбаев қаласының 8-шағын ауданындағы 8-көшеге Жұмабек Тәшенов атауын беру мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары көпшілік тыңдаулар барысында келесідей болды:
110 дауыс - «жақтады».
Сәтбаев қаласының 8-шағын ауданындағы 9-көшеге Александр Затаевич көшесі атауын беру мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары көпшілік тыңдаулар барысында келесідей болды:
107 дауыс - «жақтады»;
3 дауыс - «қалыс қалды».
Сәтбаев қаласының 8-шағын ауданындағы 10-көшеге Жамбыл Жабаев көшесі атауын беру мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар барысында дауыс беру қорытындылары келесідей болды:
103 дауыс - «жақтады»;
2 дауыс - «қарсы»;
5 дауыс - «қалыс қалды».
Сәтбаев қаласының 8-шағын ауданындағы 11-көшеге Төлек батыр көшесі атауын беру мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары көпшілік тыңдаулар барысында келесідей болды:
107 дауыс - «жақтады»;
3 дауыс - «қалыс қалды».
Сәтбаев қалалық мәслихатының әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қаласының 8-шағын ауданына «Байқоныс» шағын
ауданы атауын беруді қатысып отырған тұрғындар бірауыздан мақұлдады.
2. Сәтбаев қаласының 8-шағын ауданындағы 4-көшеге Кейкі
батыр көшесі атауын беруді қатысып отырған тұрғындар бірауыздан мақұлдады.
3. Сәтбаев қаласының 8-шағын ауданындағы 5-көшеге
Арғанаты көшесі атауын беруді қатысып отырған тұрғындар бірауыздан мақұлдады.
4. Сәтбаев қаласының 8-шағын ауданындағы 6-көшеге Кетбұқа
көшесі атауын беру қатысып отырған тұрғындардың көпшілік дауысымен мақұлданды.
5. Сәтбаев қаласының 8-шағын ауданындағы 7-көшеге Едіге
батыр көшесі атауын беру қатысып отырған тұрғындардың көпшілік дауысымен мақұлданды.
6. Сәтбаев қаласының 8-шағын ауданындағы 8-көшеге
Жұмабек Тәшенов көшесі атауын беруді қатысып отырған тұрғындар бірауыздан мақұлдады.
7. Сәтбаев қаласының 8-шағын ауданындағы 9-көшеге
Александр Затаевич көшесі атауын беру қатысып отырған тұрғындардың көпшілік дауысымен мақұлданды.
8. Сәтбаев қаласының 8-шағын ауданындағы 10-көшеге
Жамбыл Жабаев көшесі атауын беру қатысып отырған тұрғындардың көпшілік дауысымен мақұлданды.
9. Сәтбаев қаласының 8-шағын ауданындағы 11-көшеге Төлек
батыр көшесі атауын беру қатысып отырған тұрғындар көпшілік дауысымен мақұлданды.
10. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының
хаттамасы жеті жұмыс күн ішінде жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарына орналастырылсын, қалалық «Шарайна» газетінде жариялансын.
Қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала,
құқықтық тәртіп және халықты
әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссиясының төрағасы Қ.Жанасылова
2019 жылғы 4 наурызда қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясында Сәтбаев қаласының 8 шағын ауданына және осы шағын аудандағы кейбір көшелерге атау беру мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар болып өтті. Көпшілік тыңдауларға мүдделі мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, қаланың құрметті азаматтары және тұрғындар қатысты. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Ж.Төлеш баяндаған ұсыныстар қатысушылардың көпшілік дауысымен қолдауға ие болды. Атаулар беру бойынша ұсыныстар бірлескен қала әкімдігінің қаулысымен және мәслихат шешімімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізілетін болады.
2019 жылғы 4 наурызда Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчуктың төрағалық етуімен Сәтбав қаласының қоғамдық кеңесінің ІІ құрамының бірінші отырысы болып өтті, онда Кеңестің төрағасы, хатшысы және жұмыс органдарын сайлау бойынша ұйымдастыру мәселелері қаралды. Төрағалыққа қаланың құрметті азаматы, «Аманат» саяси көшбасшылық мектебінің төрағасы М.С.Мадиева бірауыздан сайланды. Қоғамдық кеңестің: бюджет, экономикалық сала және кәсіпкерлікті дамыту; әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп; коммуналдық сала мәселелері жөніндегі 3 комиссиясы құрылды, сондай-ақ комиссиялардың төрағалары және Кеңестің төралқасы сайланды.
Сәтбаев қалалық мәслихатының әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес Сәтбаев қаласының 8 шағын ауданына (8 шағын аудан – «Байқоныс» шағын ауданы) және 8 шағын аудандағы кейбір көшелерге (4-көше – Кейкі батыр көшесі; 5-көше - Арғанаты көшесі; 6-көше – Кетбұқа көшесі; 7-көше– Едіге батыр көшесі; 8-көше – Жұмабек Тәшенов көшесі; 9-көше - Александр Затаевич көшесі; 10-көше – Жамбыл Жабаев көшесі; 11-көше –Төлек батыр көшесі) атау беру мәселесі бойынша халықтың пікірін ескеру мақсатында 2019 жылғы 4 наурызда сағат 17.00-де Сәтбаев қаласының № 9 жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залында көпшілік тыңдау өткізілетінін хабарлайды.
Атау беру мәселесі бойынша ұсыныстар мен сын-ескертпелер 2019 жылдың 4 наурызына дейін «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-де қабылданады.
Мекенжайымыз: Сәтбаев қаласы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы,111, 62А кабинет.
Байланыс телефонымыз: 3-32-41.