2019 жылғы 4 наурызда Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчуктың төрағалық етуімен Сәтбав қаласының қоғамдық кеңесінің ІІ құрамының бірінші отырысы болып өтті, онда Кеңестің төрағасы, хатшысы және жұмыс органдарын сайлау бойынша ұйымдастыру мәселелері қаралды. Төрағалыққа қаланың құрметті азаматы, «Аманат» саяси көшбасшылық мектебінің төрағасы М.С.Мадиева бірауыздан сайланды. Қоғамдық кеңестің: бюджет, экономикалық сала және кәсіпкерлікті дамыту; әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп; коммуналдық сала мәселелері жөніндегі 3 комиссиясы құрылды, сондай-ақ комиссиялардың төрағалары және Кеңестің төралқасы сайланды.