Жексенбі, 27 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сәтбаев қаласының тұрғындарының назарына! Көпшілік тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Жұма, 22 Ақпан 2019 00:00
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Сәтбаев қалалық мәслихатының әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес Сәтбаев қаласының 8 шағын ауданына (8 шағын аудан – «Байқоныс» шағын ауданы) және 8 шағын аудандағы кейбір көшелерге (4-көше –  Кейкі батыр көшесі; 5-көше -  Арғанаты көшесі; 6-көше – Кетбұқа көшесі; 7-көше– Едіге батыр көшесі; 8-көше – Жұмабек Тәшенов көшесі; 9-көше -  Александр Затаевич көшесі; 10-көше – Жамбыл Жабаев көшесі; 11-көше –Төлек батыр көшесі) атау беру   мәселесі бойынша халықтың пікірін ескеру мақсатында 2019 жылғы 4 наурызда сағат 17.00-де Сәтбаев қаласының № 9 жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залында көпшілік тыңдау өткізілетінін хабарлайды.
           Атау беру мәселесі бойынша ұсыныстар мен сын-ескертпелер 2019 жылдың 4 наурызына дейін «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-де қабылданады.
           Мекенжайымыз: Сәтбаев қаласы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы,111, 62А кабинет.
           Байланыс телефонымыз: 3-32-41.

Оқылды: 1051 рет Соңғы рет өзгертілді: Дүйсенбі, 25 Ақпан 2019 05:52