2018 жылғы 22 қарашада Сәтбаев қалалық мәслихатында тұрақты комиссия және кезектен тыс 36 сессия отырысы болып өтті. Депутаттар Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындыларын, Жезқазған кентінің көшірілуге жататын тұрғындарымен қала әкімдігі арасындағы келісім шарттар жобасын және Сәтбаев қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018 – 2019 жылдарға арналған жоспарды қарады.
Аудит қорытытндысы бойынша «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының м.а. Ә.Мұханбетәлінің, Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС директорының орынбасары Б.Е.Абдрахаевтың ақпараттары тыңдалды. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) 63 шарттарының жобасы бойынша ақпаратты қала әкімінің орынбасары С.Н. Нарботаев ұсынды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды, кезекті сессияның төрағасы болып депутат Қ.С.Әділбаев сайланды.
2018 жылдың 18 қазанында Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 35-сессиясы болып өтті. Депутаттар Сәтбаев қаласының және Жезқазған кентінің бюджетіне өзгерістер енгізу туралы, жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту туралы мәселелерді қарады. Талқыланған мәселелер бойынша шешімдер жобаларын қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Х.Сәкеев, Жезқазған кентінің әкімі Б.Ә. Әбен, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі басшысының м.а З.С.Таянова ұсынды.
Қалалық сайлау комиссиясының ұсынымына сәйкес № 3 сайлау округі бойынша депутат Қ.Ұ. Керімқұловтың депутаттық өкілеттіліктері мерзімінен бұрын тоқтатылды. Сессияда сондай-ақ жер теліміне меншік құқығын беру жөніндегі қалалық комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.
На состоявшемся 17 октября 2018 года расширенном заседании постоянной комиссии по вопросам экономической реформы, бюджета, коммунального хозяйства и поддержки предпринимательства (председатель Цой В.Л.) депутаты Сатпаевского городского маслихата рассмотрели вопрос о работе полигона ТБО города и о вывозе мусора. С информациями по вопросу повестки дня выступили руководители предприятий, ответственных за вывоз мусора и обслуживание полигона. Постоянная комиссия приняла соответствующее постановление.
2018 жылғы 18 қазанда сағат 11.00-де қала әкімдігінің мәжілістер залында қалалық мәслихаттың кезектен тыс 35-сессиясы өткізіледі.
2018 жылғы 12 қыркүйекте қалалық мәслихаттың депутаты Қамар Қапасқызы Жанасылованың төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының 34 сессиясы өтті.
Сессияда Cәтбаев қаласының әкімі Ыдырысов Асқар Абылайұлының өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі тыңдалды.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы Н.С.Сүттібаева «Сәтбаев қаласындағы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жағдайы және даму перспективалары туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылдың 31 наурызындағы № 216 шешімінің орындалуы туралы ақпаратымен баяндама жасады. Экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Цой В.Л. осы мәселе бойынша депутаттық жұмыс комиссиясының анықтамасын ұсынды.
Сессия отырысында әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қ.Қ. Жанасылованың өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. Депутаттар сондай-ақ, облыс әкімдігімен ұсынылған 23 мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларын мақұлдады.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Кезекті сессияның төрағасы болып № 5 сайлау округі бойынша депутат Юстус Владимир Владимирович сайланды.