2018 жылғы 16 тамыз күні Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттары «Нұр Отан» депутаттық фракциясымен және қоғам өкілдерімен бірлесіп учаскелік полиция пункттерінде рейдтер өткізді. Рейд барысында депутаттар учаскелік полиция пунктіне бекітілген аумақтарды аралап, тұрғындармен сұхбаттар жүргізді.
Cәтбаев қалалық мәслихатының депутаттары жөндеу жұмыстарының барысымен танысу мақсатында 2018 жылдың 14 тамызында қалалық білім бөлімінің күрделі жөндеу жүргізіліп жатырған № 7, 20, 22 балабақшаларында және ішінара терезе алмастырумен ағымдағы жөндеуден өткізіліп жатырған № 27 жалпы білім беру мектебінде депутаттық рейдтер өткізді. Рейд барысында депутаттарға білім бөлімінің және мердігер ұйымдардың басшылары түсініктемелер берді.
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № 295 2018 жылғы 16 шілде
«Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы 51 сессиясының № 429 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
«Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы 51 сессиясының № 429 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Кеңестің құрамына енгізілсін:
Дастанов - «Шындық» ҚБ төрағасы.
Абдолла Байділдаұлы
Сессия төрағасы Е. Тоқымбаев
Қалалық
мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук
2018 жылғы 18 шілдеде қаланың тұрмыстық қалдықтар жинау полигонында "Сәтбаев қаласындағы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жағдайы және даму перспективалары туралы" мәселені кезекті сессияның қарауына әзірлеу аясында ТКШ бөлімінің, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, сондай-ақ " Магира Медиа", "Сәт Тазалық" ЖШС өкілдерінің қатысуымен экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі отырысы өтті.
2018 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттары Рысқали Қалиақпарұлы Әбдікер және Сергей Михайлович Ершов Сәтбаев қаласында жұмыс сапарымен болды. Парламент депутаттары «Қазақмыс» корпорацисы Технологиялық колледжінде, Қазақстан халқының рухани, қоғамдық және ұлтаралық келісім орталығында болды, жаңа коттедждік қалашықтың құрылысымен танысты.