Жексенбі, 27 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Жаңалықтар (230)

Хабарландыру

| Автор:  Жұма, 15 Маусым 2018 11:13

2018 жылғы 18 маусымда сағат 14.30-да қалалық әкімдіктің кіші залында Сәтбаев қалалық мәслихатының Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларымен келісу туралы және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 262 «Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер бойынша кезектен тыс отызыншы сессиясы өтеді.                                                                                                     

Жұмыс тобының отырысы

| Автор:  Бейсенбі, 31 Мамыр 2018 07:55

2018 жылғы 30 мамырда Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңестің құрамынан шығып қалған мүшесінің орнына конкурсқа қатысу үшін келіп түскен құжаттарды қарады. Жұмыс тобының төрағасы Т.И.Хмилярчуктің ақпараты бойынша бір бос орынға барлығы 3 ұсыныс: 1-і коммерциялық емес ұйымнан және 2 өтініш азаматтардан келіп түскен. Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттар қаралғаннан кейін әр кандидатура бойынша ашық дауыс беру жүргізу арқылы Қоғамдық кеңестің құрамына шығып қалған мүшесінің орнына Дастанов Абдолла Байділдаұлының кандидатурасын қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының бекітуіне енгізу туралы шешім қабылданды.

Бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды

| Автор:  Сәрсенбі, 30 Мамыр 2018 04:21

2018 жылғы 29 мамырда қала әкімі А.А. Ыдырысовтың, мемлекеттік мекемелер басшыларының және қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен Сәтбаев қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес депутаттар 2017 жылға арналған қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті тыңдады. Осы мәселе бойынша «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Е.Х.Сәкеевтің есебінен кейін Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі В.Ф. Александрова, экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы В.Л. Цой қорытынды жасады. Талқылау соңында қала әкімі А.А.Ыдырысов мемлекеттік мекеме басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Осы күні депутат Ш.С. Мұхамедғалиеваның төрағалық етуімен өткен қалалық мәслихаттың 29 сессиясында депутаттар 2017 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіткеннен кейін қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчуктің ұсынысы бойынша күн тәртібіне енгізілген бірқатар мәселелерді қарады. «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі заңнамасының іске асырылу барысы туралы» мәселе бойынша қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары А.А.Шоқпытов баяндама жасады, әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қ.Қ. Жанасылова депутаттық комиссиясының анықтамасын ұсынды. Сессияда Жезқазған кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту, 2018 – 2020 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджетіне өзгерістер енгізу, тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу жөнінде нормативтік құқықтық шешімдер қабылданды, тиісті жобаларды әзірлеуші органдар басшылары – Жезқазған кентінің әкімі Б.Ә. Әбен, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары А.А.Шоқпытов, Сәтбаев қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Қ. Серікбаев ұсынды. Сондай-ақ, Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына және діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі қалалық кеңестің құрамына өзгерістер енгізу туралы шешімдер қабылданды.  Кезекті сессияның төрағасы болып № 9 сайлау округінен депутат Тоқымбаев Ержан Аманжолович сайланды.

Хабарландыру

| Автор:  Бейсенбі, 26 Сәуір 2018 07:46

Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерінің назарына. 2018 жылдың 4 мамырында сағат 16.00-де мәслихат хатшысының кабинетінде Қоғамдық кеңестің шығып қалғанының орнына мүшесін сайлау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтеді.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 27-сессиясы

| Автор:  Дүйсенбі, 23 Сәуір 2018 04:52

2018 жылғы 18 сәуірде Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 27 сессиясы өтті.
Кезектен тыс сессияның күн тәртібіне сәйкес 2018 жылға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізілді, бюджетті нақтылау бойынша «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары Ш.М. Әубәкіров баяндама жасады. Сессияда нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларымен келісу, кадрлық өзгерістерге байланысты қала әкімі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгеріс енгізу жөніндегі мәселелер қаралды.
Сессия отырысына қала әкімінің орынбасары С.Н. Нарботаев, бірқатар мемлекеттік мекемелер басшылары қатысты.