2017 жылғы 4 желтоқсанда қалалық әкімдікте Сәтбаев қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының және кезектен тыс 22 сессия отырыстары өтті. Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында күн тәртібіндегі мәселелер алдын ала қаралғаннан кейін сессияда 2017 жылға арналған қалалық бюджетке нақтылау енгізілді, қаланың Құрмет грамотасымен наградтауға құжаттар ұсыну мерзімін 20 күннен 7 күнге дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Қарағанды облысының әкімі Е.Ж. Қошановтың ұсынысы бойынша Сәтбаев қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымына полиция майоры Сабыржан Өміржанұлы Сейітжановтың кандидатурасы келісілді.
Тұрақты комиссия отырысында Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылдың 9 айындағы Сәтбаев қаласы бюджетінің атқарылуының ағымдық бағалауы туралы ақпараты қаралды, бұл мәселе бойынша қаланың мемлекеттік мекемелерінің басшылары өз есептерін ұсынды.
Сессия және тұрақты комиссиялар отырыстарына қала әкімінің орынбасары А.Қ. Төлендина, қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы М.С. Мәдиева, бірқатар мемлекеттік мекемелер басшылары қатысты.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Достық үйінде Сәтбаев қалалық мәслихаты депутаттарының еңбек ұжымдарымен кезекті кездесуі өтті. Жиынды қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук айтулы мерекеге байланысты құттықтау сөзбен ашты. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы дәстүрлі баяндамадан кейін жиынға қатысушылардың назарына заманауи ұлтаралық интеграция туралы депутат В.Л.Цойдың, қаланың мәдениет саласын дамыту және оның 2018 жылғы перспективалары туралы «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Қ.Ж.Төлештің баяндамалары ұсынылды. Еңбек ұжымдармен келесі кездесу ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында №1 мектеп-гимназясында өтеді.
Алтыншы шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты
22-сессиясы төрағасының шешімі
Сәтбаев қаласы 2017 жылғы 24 қараша
Қалалық мәслихаттың
кезектен тыс 22-сессиясын
өткізу күнін ауыстыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес сессия төрағасының 2017 жылғы 22 қарашадағы «Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 22-сессиясын шақыру туралы» шешімін өзгерту мақсатында қалалық мәслихаттың кезектен тыс жиырма екінші сессиясының өткізілу уақыты 2017 жылдың 28 қарашасынан 2017 жылдың 4 желтоқсанына ауыстырылсын. Сессия қалалық әкімдіктің кіші залында (Қ.Сәтбаев даңғылы, 108) сағат 11.00-де басталады.
В. Цой,
сессия төрағасы
Сәтбаев қалалық мәслихаты депутаттарының еңбек ұжымдарымен кезекті кездесуі 2017 жылдың 17 қарашасында №7 мектептің мәжіліс залында болып өтті.
Кездесуді қалалық мәслихат хатшысы Т.И. Хмилярчук қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы баяндамамен ашты. Одан әрі жиналғандар алдында қалалық мәслихат депутаттары В.В.Юстус, Т.Ә.Тәжбенов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қалалық филиал басшысы Ш.С.Жанғаскинова, «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы З.Д.Даумбаев депутаттық корпустың қаланы дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысуы, латын әліпбиіне ауысудың артықшылықтары, Сәтбаев қаласында кәсіпкерлікті дамытудағы Ұлттық палатаның жұмысы мен рөлі және қалада бұқаралық спортты дамыту мәселелері бойынша сөз сөйледі. Кездесудің екінші бөлігінде баяндамашылар жиналысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Еңбек ұжымдармен келесі кездесу ағымдағы жылдың 29 қарашасында Достық үйінде өтеді.
2017 жылдың 9 қарашасында № 19 мектептің мәжіліс залында қалалық мәслихат депутаттарының №№ 7, 8, 9 сайлау округтері аумағында орналасқан барлық меншік нысандардағы ұйымдар мен кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен үгіт-насихат кездесуі болып өтті. Кездесуді қалалық мәслихат хатшысы Хмилиярчук Т.И. ашып жүргізді, өз сөзінде ол қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне тоқталды. Одан әрі жиналғандар алдында қалалық мәслихат депутаттары Тоқымбаев Е.А., Мұхамедғалиева Ш.С., «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасары Шоқпытов А.А., «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы» директорының міндетін атқарушы Ағеділова А.Т., өздері жетекшілік ететін салалардағы мәселелер бойынша: Қазақстанның үшінші Жаңғыруы бағдарламасын жүзеге асыру, денсаулық сақтауды дамыту және міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу, халыққа әлеуметтік көмек көрсету түрлері, жұмыспен қамту және жұмыспен қамту мәселелері туралы баяндады.
Еңбек ұжымдарымен келесі кездесу ағымдағы жылдың 17 қарашасында №№ 5, 6 сайлау округтерінің шекараларында № 7 ЖБМ-де өтеді.