Сәтбаев қалалық мәслихаты депутаттарының еңбек ұжымдарымен кезекті кездесуі 2017 жылдың 17 қарашасында №7 мектептің мәжіліс залында болып өтті.
Кездесуді қалалық мәслихат хатшысы Т.И. Хмилярчук қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы баяндамамен ашты. Одан әрі жиналғандар алдында қалалық мәслихат депутаттары В.В.Юстус, Т.Ә.Тәжбенов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қалалық филиал басшысы Ш.С.Жанғаскинова, «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы З.Д.Даумбаев депутаттық корпустың қаланы дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысуы, латын әліпбиіне ауысудың артықшылықтары, Сәтбаев қаласында кәсіпкерлікті дамытудағы Ұлттық палатаның жұмысы мен рөлі және қалада бұқаралық спортты дамыту мәселелері бойынша сөз сөйледі. Кездесудің екінші бөлігінде баяндамашылар жиналысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Еңбек ұжымдармен келесі кездесу ағымдағы жылдың 29 қарашасында Достық үйінде өтеді.