Сейсенбі, 29 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Еңбек ұжымдарымен кездесу

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Жұма, 10 Қараша 2017 09:41
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

2017 жылдың 9 қарашасында № 19 мектептің мәжіліс залында қалалық мәслихат депутаттарының №№ 7, 8, 9 сайлау округтері аумағында орналасқан барлық меншік нысандардағы ұйымдар мен кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен үгіт-насихат кездесуі болып өтті. Кездесуді қалалық мәслихат хатшысы Хмилиярчук Т.И. ашып жүргізді, өз сөзінде ол қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне тоқталды. Одан әрі жиналғандар алдында қалалық мәслихат депутаттары Тоқымбаев Е.А., Мұхамедғалиева Ш.С., «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасары Шоқпытов А.А., «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы» директорының міндетін атқарушы Ағеділова А.Т., өздері жетекшілік ететін салалардағы мәселелер бойынша: Қазақстанның үшінші Жаңғыруы бағдарламасын жүзеге асыру, денсаулық сақтауды дамыту және міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу, халыққа әлеуметтік көмек көрсету түрлері, жұмыспен қамту және жұмыспен қамту  мәселелері туралы баяндады.
Еңбек ұжымдарымен келесі кездесу  ағымдағы жылдың 17 қарашасында №№ 5, 6 сайлау округтерінің шекараларында № 7 ЖБМ-де өтеді.

Оқылды: 1198 рет