Сәтбаев қалалық мәслихатының әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердіңқұрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес Сәтбаев қаласының кейбір көшелерін (Комаровкөшесін Мәңгілік ел көшесі, Первостроителей көшесін Алаш көшесі) қайта атау мәселесі бойынша халықтың пікірін ескеру мақсатында 2017 жылғы 11шілдеде сағат 15.00-де Сәтбаев қаласының № 19жалпы орта білім беретін мектебініңмәжіліс залындакөпшілік тыңдау өткізілетінін хабарлайды.
Қайта атау мәселесі бойынша ұсыныстар мен сын-ескертпелер 2017 жылдың 11 шілдесіне дейін «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-де қабылданады.
Мекенжайымыз: Сәтбаев қаласы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 111 үй, 62 А кабинет.
Байланыс телефондарымыз: 3 24 23; 4 02 13
2017 жылғы 22 маусымда Сәтбаев қалалық мәслихатының 17 сессиясы өтті.
Сессияда күн тәртібінің мәселесі бойынша «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Е.Х. Сәкеев «2016 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралыесепті бекіту жөнінде» баяндама жасады.Осы мәселе бойынша Экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы В.Л. Цойтұрақты комиссияның қорытындысын ұсынды.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша Сәтбаев қаласының ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Б.Қ.Аманжолов «Сәтбаев қаласы аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы есебі жөнінде» баяндама жасады. Әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қ.Қ. Жанасылова ювеналды полицияда өткізілген Депутат күнінің қорытындысы бойынша депутаттық жұмыс комиссиясының анықтамасын ұсынды.
Сессияда күн тәртібінің келесі мәселесі бойынша «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Қ.Ж. Төлеш«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыныңСәтбаев қаласында іске асырылу барысы туралы» баяндама жасады. Осы мәселе бойынша экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Қ.С. Әділбаев депутаттық жұмыс комиссиясының анықтамасын ұсынды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
2017 жылғы 22 маусымда қалалық мәслихатта Сәтбаев қаласының әкімі А.А. Ыдырысовтың және қаланың мемлекеттік мекемелері басшыларының қатысуымен Сәтбаев қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкесдепутаттар қала әкімдігімен ұсынылған2016 жылға арналған қалалық бюджеттің атқарылуы туралыесепті тыңдады. Осы мәселе бойынша «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Е.Х. Сәкеев баяндама жасады. Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А.Қ. Садықов және Экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы В.Л. Цой2016 жылға арналған Сәтбаев қаласы бюджетінің атқарылуы туралыесебіне қорытынды жасады.
Талқылау соңында қала әкімі А.А. Ыдырысов және қалалық мәслихаттың хатшысы Т.И. Хмилярчук қорытынды сөз сөйлеп, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің назарын қалалық бюджетті атқарудақаржы заңнамаларын бұзуға жол бермеулеріне аударды.
Сондай-ақ, тұрақты комиссияның мүшелері алдағы сессияның күн тәртібінің жобаларын мақұлдады.
Қалалық мәслихат сессиясының қарауына мәселені әзірлеу аясында Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімінде кезекті Депутат күні өткізілді. 2017 жылғы 6 маусымда өткен іс-шараның тақырыбы жергілікті полиция қызметі бастығының есебіне арналды.
Депутат күнін өткізудің бағдарламасына сәйкес Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімінің бастығы Асхат Маратұлы Дүйсембеков қалада құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ішкі істер бөлімінің мәселелері туралы баяндады. Ювеналды полицияның жұмысы туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен ювеналды полицияның аға инспекторы Гүлнар Шәріпқызы Жалмурзина сөз сөйледі.
Депутаттар сондай-ақ, ювеналды полицияның материалдық-техникалық жабдықталу мәселесіне жеке тоқталды.
2017 жылғы 24 мамырда депутат Қайрат Маратұлы Балмағамбетовтың төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 16 сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібіне екі мәселе енгізілді: «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларымен келісу туралы» және «Сәтбаев қаласын басқару сызбасын бекіту туралы».
Сессияда тиісті баяндамаларымен қала әкімінің орынбасары Сұлтан Нұрланұлы Нарботаев және әкім аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Ботакөз Сүйінжанқызы Нұрмағамбетова ақпарат берді.
Депутаттар 66 мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларын мақұлдады, сондай-ақ қаланы басқару сызбасын бекітіп, ол туралы тиісті шешімдер қабылданды.