Сейсенбі, 29 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 16-сессиясы

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Сәрсенбі, 07 Маусым 2017 10:11
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

2017 жылғы 24 мамырда депутат Қайрат Маратұлы Балмағамбетовтың төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 16 сессиясы өтті.  
Сессияның күн тәртібіне екі мәселе енгізілді: «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларымен келісу туралы» және «Сәтбаев қаласын басқару сызбасын бекіту туралы».
 Сессияда тиісті баяндамаларымен қала әкімінің орынбасары Сұлтан Нұрланұлы Нарботаев және әкім аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Ботакөз Сүйінжанқызы Нұрмағамбетова ақпарат берді.
Депутаттар 66 мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларын мақұлдады, сондай-ақ қаланы басқару сызбасын бекітіп, ол туралы тиісті шешімдер қабылданды.

Оқылды: 5627 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Депутат күні Депутат күні »