Дүйсенбі, 28 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Жаңалықтар (230)

Жолдауды талқылау

| Автор:  Сейсенбі, 23 Қаңтар 2018 05:54

2018 жылдың 19 қаңтарында Сәтбаев қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған  кеңейтілген  отырысы өтті.
Отырыс қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчуктың кіріспе сөзімен басталды, ол өз сөзінде жаңа стратегиялық құжатта Мемлекет басшысы ел дамуының өзекті мәселеріне егжей-тегжейлі жауаптар беріп отырғандығын атап өтті. Депутаттар Цой В.Л., Жанасылова Қ.Қ., Тоқымбаев Е.А., Мұхамедғалиева Ш.С., Бралин И.  Жолдауда қойылған 10 негізгі міндетке тоқталды. Депутаттардың Жолдауды іске асыру бойынша көтерген бастамаларын қолдап Қоғамдық кеңестің төрағасы М.С. Мәдиева, татар-башқұрт этномәдени орталықтың басшысы Р.Р. Абузярова, «Тәуекел» мүгедектер қоғамы» ҚБ басшысы А.У. Қошанов сөз сөйледі.

Сәтбаев қаласы                                                              2017 жылғы 8 желтоқсан

Қалалық мәслихаттың 23-сессиясын шақыру туралы

Сәтбаев қалалық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы 2017 жылғы 26 желтоқсанда сағат 15.00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ шақырылсын.

Қ. Әділбаев,
сессия төрағасы

Хабарлама

         Қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 26 желтоқсандағы 23-сессиясында қарауға ұсынылатын мәселелер:
1. 2018 – 2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы.
2. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 407 «2016 – 2020 жылдарға арналған Сәтбаев қаласының даму бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. Сәтбаев қаласы аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы жергілікті полиция қызметі бастығының есебі жөнінде.
4. Қалалық мәслихат хатшысының атқарған жұмысы туралы.
5. Сәтбаев қаласының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы.
6. Қалалық мәслихаттың 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
7. «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ 2018 жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекіту туралы.
8. Қалалық мәслихаттың 24-сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Тұрақты комиссиялардың отырыстары 2017 жылғы 25 желтоқсанда сағат 16.00-де қала әкімдігінің кіші залында өтеді.

Т. Хмилярчук,
қалалық мәслихат хатшысы

                                                                             

Еңбек ұжымдарымен кездесу

| Автор:  Сейсенбі, 19 Желтоқсан 2017 06:19

Қалалық мәслихат депутаттарының  биылғы жылға жоспарланған ақпараттық-насихаттық кездесулері аясында мәслихат хатшысының №1,2 сайлау округтерінің шекарасында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездесуі 2017 жылдың 13 желтоқсанында №14 орта мектептің акт залында өтті. Қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчуктің қаланың әлеуметтік-саяси жағдайы және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасынан кейін жиналғандар алдында «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының м.а. Ж.Н.Дәнекеева, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы м.а А.А.Шоқпытов тиісті салалар бойынша заңнамаға түсініктемелер берді. Кездесу жиынға қатысушылар мен қалалық мәслихат хатшысы және атқарушы орган басшылары арасындағы диалогпен аяқталды.

Сайлау округтеріндегі кездесу

| Автор:  Дүйсенбі, 11 Желтоқсан 2017 02:58

Сәтбаев қалалық мәслихаты депутаттарының 2017 жылғы 7 желтоқсанда №1 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында өткен № 3 және 4 сайлау округтері шекарасында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кезекті кездесуі қалыптасқан дәстүр бойынша қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчуктің кіріспе сөзімен және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы баяндамасымен басталды. Одан әрі сөз алған депутат Әділбаев Қ.С. жиналғандардың назарына  кәсіпкерлікті дамыту туралы ақпарат ұсынды. Қала әкімдігінің әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Таңсықпаева Г.Ө. қала тұрғындарына медициналық қызмет көрсету мәселелері туралы баяндады. Кездесу жиналысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берумен аяқталды.
Еңбек ұжымдармен келесі кездесу ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында № 14 орта мектепте өтеді.

Мәслихат шешімдерінің орындалуын бақылау

| Автор:  Бейсенбі, 07 Желтоқсан 2017 05:58

Сәтбаев қалалық мәслихаты өз шешімдерінің орындалу барысын бақылау мақсатында ағымдағы жылдың 6-15 желтоқсаны аралығында білім беру мекемелерінде оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша 2017 жылғы 3 мамырда өткен Депутаттық сағаттың ұсынымдарының іске асырылуы бойынша рейдтер өткізуді жоспарлап, 6 желтоқсан күні қалалық мәслихат депутаттары № 9, 15 және 16 жалпы білім беру мектептерінің асханаларында болды. Рейдтің қорытынды анықтамасы тұрақты комиссия отырысында мүдделі тұлғалардың қатысуымен қаралатын болады.