2017 жылғы 20 қыркүйекте қалалық мәслихаттың хатшысы Т.И. Хмилярчук Татьяна Ивановнаның төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының 20 сессиясы өтті.
Сессияда Cәтбаев қаласының әкімі Ыдырысов Асқар Абылайұлының өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі тыңдалды.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы Жезқазған аймақтық өкілдігінің басшысы Б.Ә. Айтпаева «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының» Сәтбаев қаласында іске асырылу барысы туралы баяндама жасады. Әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Мұхамедғалиева Ш.С. осы мәселе бойынша депутаттық жұмыс комиссиясының анықтамасын ұсынды.
Сессия отырысында әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қ.Қ. Жанасылованың өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. Депутаттар сондай-ақ, облыс әкімдігімен ұсынылған 43 мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларын мақұлдады.
Сәтбаев қаласы
2017 жылғы 5 қыркүйек
Қалалық мәслихаттың 20-сессиясын шақыру туралы
Сәтбаев қалалық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясы 2017 жылғы 20 қыркүйекте сағат 11.00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ шақырылсын.
Е. Сатыбалдин,
сессия төрағасы
Хабарлама
Қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 20 қыркүйектегі 20-сессиясында қарауға ұсынылатын мәселелер:
1. Cәтбаев қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі.
2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының Сәтбаев қаласында іске асырылу барысы туралы.
3. Әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
4. Әртүрлі.
Тұрақты комиссиялардың отырыстары 2017 жылғы 19 қыркүйекте сағат 16.00-де қала әкімдігінің кіші залында өтеді.
Т. Хмилярчук,
қалалық мәслихат хатшысы
Мәслихат депутаттары өткен аптада қалалық білім беру мекемелерінде болып, күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жалпы, биылғы жылы жергілікті бюджет есебінен № 14 жалпы білім беру мектебінде, № 33 «Күншуақ» бала-бақшасында және Балалар өнер мектебінде күрделі жөндеу жоспарланған болатын.Депутаттық рейд барысында халық қалаулылары білім бөлімінің өкілімен бірге жөндеу объектілерінің және мердігер компаниялардың басшыларымен кездесті.Барлық жұмыстар кестеге сәйкес сапасы жағынан тиісті нормативтерге сай жүргізіліп жатқандығы анықталды.
2017 жылғы 12 шілдеде депутат Тәжбенов Тоғызбай Әбсаматұлының төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 18 сессиясы болып өтті.
Сессияда күн тәртібіне байланысты 2017 – 2019 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларымен келісу және қалалық терроризмге қарсы комиссияның құрамына өзгерістер туралы мәселелер қаралды. Депутаттар 41 мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларын мақұлдады. Терроризмге қарсы комиссияның құрамына жергілікті полиция қызметінің бастығы Б. Аманжолов енгізілді.
Қаралған мәселелер бойынша сессияда тиісті баяндамамен «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Е.Х.Сәкеев және «Сәтбаев қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ заңгері А.В. Крацких ақпарат берді.
Сессия жұмысына Сәтбаев қаласы әкімінің м.а. Б.Д. Жақсыбаев, мемлекеттік мекеме және ұйымдар басшылары қатысты.
Сәтбаев қаласының кейбір көшелерін қайта атау мәселесібойынша көпшілік тыңдау 2017 жылғы 11 шілдеде Сәтбаев қаласы, Комаров көшесі, 11мекенжайында орналасқан № 19 жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залында өтті. Тыңдауға жалпы 140 адам қатысты.
Күн тәртібіне Сәтбаев қаласындағы Комаров көшесін Мәңгілік ел көшесі, Первостроителей көшесін Алаш көшесі деп қайта атау туралы мәселелер енгізілді.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қарастыру нәтижесі бойынша төмендегідей шешім қабылданды:
№ |
Көшенің қазіргі атауы |
Қайта атау беруге ұсыныстар |
Қатысқан адам саны |
Қолдаған адам саны |
Қарсы болған адам саны |
% |
1 |
Комаров көшесі |
Мәңгілік ел көшесі |
140 |
140 |
- |
100 |
2 |
Первостроителей көшесі |
Алаш көшесі |
140 |
139 |
1 |
99 |
Сәтбаев қаласының Комаров көшесін Мәңгілік ел көшесі, Первостроителей көшесін Алаш көшесі деп қайта атау бойынша ұсыныстар бірлескен Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулысымен және Сәтбаев қалалық мәслихатының шешімімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізілетін болады.