2016 жылғы 11 қазанда Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 11-сессиясы өтті. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес сессияда «Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы 51 сессиясының № 429 шешіміне өзгеріс енгізілді: Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің шешімі негізінде Кеңестің құрамына «Т.Шевченко атындағы украин мәдени орталығы» ҚБ-нен сайланған Р.С. Бурда және «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нен сайланған С.Ж. Тезекбаев шығарылды.
Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының осы күні болған отырысында Қоғамдық кеңестің құрамына оның өкілеттігінің қалған мерзіміне конкурс жариялау туралы шешім қабылданды.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 2016 жылдың 13 – 22 қазаны аралығында Қоғамдық кеңестің құрамынан оның мүшелерінің мерзімінен бұрын шығуына байланысты Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына оның өкілеттігінің қалған мерзіміне коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан ұсыныстар, өтініштер қабылдайтындығын хабарлайды.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатты коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (үлгілері қосымшаланған);
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады (үлгі қосымшаланған).
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидат қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Ұсыныстар мына мекен-жай бойынша: Сәтбаев қаласы, Академик Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108, № 35 кабинет, тел.: 3-44-53, 3-50-72, күн сайын қабылданады, жұмыс уақыты 09.00-ден 18.30-ге дейін, үзіліс уақыты 13.00-ден 14.30-ге дейін. Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ.
Ескерту: егер кандидат «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы бойынша мәліметтер ұсынбаған жағдайда кандидат осы мәліметтер бойынша сұраныс жасауға жазбаша келісім береді.
2016 жылғы 26 тамызда Сәтбаев қалалық мәслихатының әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясында Сәтбаев қаласының жаңа 6 шағын ауданына атау беру мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулары өтті.
Көпшілік тыңдаулар «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 2-тарауы 5-тармағына сәйкес белгіленді және өткізілді.
«Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Төлеш Қанат Жанділдәұлы Сәтбаев қаласының жаңа 6 шағын ауданын «Нұрлы мекен» деп атау туралы ұсыныс жасады, айтылған ұсынысқа қолдау көрсетіп қалалық мәслихаттың хатшысы Т.И. Хмилярчук, Сәтбаев қаласының құрметті азаматы Я.Ж. Асатов, қала тұрғыны Д.И. Маханова сөз сөйледі.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Сәтбаев қаласының жаңа 6 шағын ауданын «Нұрлы мекен» деп атау қатысып отырған тұрғындардың көпшілік дауыс беруімен қолдау алды.
Көпшілік тыңдаулар жұмысына қалалық мәслихаттың хатшысы Т.И. Хмилярчук, қала әкімінің орынбасары Б.Д. Жақсыбаев қатысты.
Көпшілік тыңдау!
Сәтбаев қалалық мәслихатының әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес қаланың жаңа шағын ауданына атау беру мәселесі бойынша халықтың пікірін ескеру мақсатында 2016 жылғы 26 тамызда сағат 11.00-де № 16 орта мектебінің мәжіліс залында көпшілік тыңдау өткізетіндігін хабарлайды.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қоғамдық кеңестің құрамынан оның қалған мерзімінде мүшесін мерзімнен бұрын шығаруға байланысты 2016 жылдың шілде айының 5-нен 14-не дейін коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына кандидат жөнінде ұсыныстар, өтініштер қабылдайтынын хабарлайды.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатты коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (үлгілері қосымшаланған);
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады (үлгі қосымшаланған).
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидат қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Ұсыныстар мына мекен-жай бойынша: «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ, Сәтбаев қаласы, Академик Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108, № 35 кабинет, тел.: 3-44-53, 3-50-72, күн сайын қабылданады, жұмыс уақыты 09.00-ден 18.30-ге дейін, үзіліс уақыты 13.00-ден 14.30-ге дейін. Электрондық пошта:
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
.
Ескерту: егер кандидат «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы бойынша мәліметтер ұсынбаған жағдайда кандидат осы мәліметтер бойынша сұраныс жасауға жазбаша келісім береді.