Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесі 2016 жылдың 20 мамыр күні сағат 15.00-де Қ.Сәтбаев даңғылы, 108 орналасқан қала әкімдігінің үлкен залында «Қаланы абаттандыру және архитектуралық келбеті. Көркейту жолдары» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізеді.
Осыған орай, Сіздерді қоғамдық тыңдауға қатысуға шақырамыз және аталған мәселе бойынша өз ұсыныстарыңызды қоғамдық кеңестің хатшысы Д.Р.Тулегеновке төмендегі мекен жай бойынша жолдауға болады: Қ.Сәтбаев даңғылы 106 (Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы).
Қабылдау тел. 3-34-70
Эл.пошта: tulegenov_ This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
2016 жылғы 28 наурызда Сәтбаев қалалық мәслихатының І ұйымдастыру сессиясы болып өтті, сессияда қалалық мәслихат хатшысын сайлау, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру және олардың төрағаларын сайлау туралы мәселелер қаралды.
Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесі туралы
2016 жылғы 17 ақпанда Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтіп, онда Қоғамдық кеңес мүшелігіне конкурсқа қатысу үшін келіп түскен құжаттар қаралды. Жұмыс тобының төрағасы Т.И.Хмилярчуктің ақпараты бойынша барлығы 8 ұсыныс коммерциялық есем ұйымдардан және 5 өтініш азаматтардан келіп түскен. Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттар қаралғаннан кейін әр кандидатура бойынша ашық дауыс беру жүргізу арқылы қалыптастырылған қаланың Қоғамдық кеңесінің құрамы қалалық мәслихат сессиясының қарауына жолданды.
2016 жылғы 17 ақпан күні сағат 10.00 де қала әкімдігінің кіші залында, Сәтбаев қаласы, академик Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108 мекен-жайы бойынша, Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы келесі күн тәртібімен өткізіледі:
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 2016 жылдың ақпан айының 9-нан 15-не дейін коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына кандидаттар жөнінде ұсыныстар, өтініштер қабылдайтынын хабарлайды.