«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Сәтбаев қаласында іске асырылу барысы туралы» мәселені қалалық мәслихаттың сессиясының қарауына әзірлеу аясында 2017 жылғы 26 мамырда «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту» ММ-де Депутат күні өтті.
Депутат күні отырысын алғысөзбен қалалық мәслихаттың хатшысы Хмилярчук Татьяна Ивановна ашты. «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Қанат Жанділдәұлы Төлеш депутаттар алдында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Сәтбаев қаласында орындалуы жөніндегі қалалық ұйымдардың қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыстар туралы ақпарат берді.
Отырыс соңында депутаттар «Сәтбаев қаласының мәдени-сауықтыру орталығы» КМҚК жанындағы оқу-әдістемелік кабинеттің жұмысымен танысты.
2017 жылғы 3 мамырда әкімдіктің мәжіліс залында «Қаланың білім беру мекемелерінде тамақтандыруды ұйымдастыру және бюджет қаражатын нысаналы пайдалану туралы» мәселені талқылау жөнінде Депутаттық сағат өтті. Депутаттық сағат отырысын қалалық мәслихаттың хатшысы Т.И. Хмилярчук жүргізді.
Депутаттық сағатты өткізу жоспарына сәйкес Сәтбаев қаласының білім бөлімінің басшысы Б.Б. Ақышбековтің «2016 – 2017 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» есебі, Сәтбаев қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Г.Ш. Жалмурзинаның мектеп асханаларында тамақтандыруды ұйымдастыру және сапасын жақсарту жөніндегі шаралар туралы ақпараты тыңдалды, сондай-ақ осы мәселе бойынша жалпы білім беретін мектептердің директорлары мен мектеп асханаларын жалдаушы жеке кәсіпкерлер сөз сөйледі.
Қалалық мәслихаттың хатшысы Т.И. Хмилярчук Депутаттық сағаттың қарауына мәселені дайындау барысында депутаттық топтармен жүргізілген депутаттық тексерудің қорытындысын баяндады.
Талқылау аяқталғаннан кейін әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қ.Қ. Жанасылова оқушыларды тамақтандыруды жақсарту жөніндегі депутаттық топтың ұсынымдарын жариялап, мектеп асханаларының материалдық-техникалық жабдықталуын нығайту және жаңарту, сондай-ақ эстетикалық ресімдеу қажеттілігіне ерекше көңіл аударды.
Депутаттық сағат жұмысына қала әкімінің орынбасары А.Қ.Төлендина, Қоғамдық кеңестің төрағасы М.С. Мәдиева, «Нұр Отан» партиясы Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Ә. Дәрібаев, Сәтбаев қаласының білім бөлімінің және Сәтбаев қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары, мектеп директорлары, мектеп асханаларын жалдаушы жеке кәсіпкерлер және БАҚ өкілдері қатысты.
2017 жылғы 10 сәуірде қала әкімдігінің үлкен залында депутат Юстус Владимир Владимировичтың төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 15 сессиясы болып өтті.
Сессия отырысы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Гейбух Нина Андреевнаның 2017 жылғы 26 наурызда өткен қалалық мәслихаттың № 9 және № 10 сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарламасымен басталды. Хабарлама аяқталғаннан кейін жаңадан сайланған депутаттар Мұхамедғалиева Шолпан Сафарбекқызына және Тоқымбаев Ержан Аманжолұлына қалалық мәслихат депутатының төсбелгісі мен куәлігі табысталды.
Сессияда «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Е.Х.Сәкеев «Сәтбаев қалалық мәслихатының «2017 – 2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 112 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша баяндады.
Күн тәртібінің келесі мәселесі бойынша Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі № 9 округтік сайлау комиссиясының мүшесі сайланды. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының хабарламасы бойынша сайлау комиссиясының бір бос орнына бір ұсыныс келіп түскен. Депутаттардың ашық дауыс беруімен округтік сайлау комиссиясының мүшесі болып «Бірлік» саяси партиясынан ұсынылған Заитов Нұрболат Өтеғалиұлы сайланды.
Сессияда қалалық қатынастарда автомобильмен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау тарифі келісілді және қала әкімі жанындағы ведомствоаралық консультативтік-кеңесші комиссиялардың бірқатарының құрамдарына өзгерістер енгізу және бекіту туралы мәселелер қаралды, сондай-ақ Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының 98 жобасымен келісілді.
Сессия отырысы аяқталғанннан кейін қалалық мәслихаттың хатшысы Т.Хмилярчук жастар мәслихатының мүшелеріне алғысөз арнап, оларға куәліктер тапсырды. Өз сөзінде ол Сәтбаев қаласының жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған жастар мәслихаты жастардың мүдделерін қорғауға және жастарды қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысуға тартуға тиісті екендігін атап өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия жұмысына қала әкімі А.А. Ыдырысов, оның орынбасарлары, мемлекеттік мекеме және ұйымдар басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері және жастар мәслихатының депутаттары қатысты қатысты.
Саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің назарына
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін атқарудан босатылуына байланысты Сәтбаев қалалық мәслихаты саяси партиялардың ұсыныстары негізінде қалалық мәслихат депутатын сайлау жөніндегі № 9 округтік сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізілетіндігін хабарлайды.
Қалалық мәслихатқа белгіленген формада кандидатураның тізімі жіберіледі: атауы, сайлау комиссиясының нөмірі, комиссияның мекен-жайы, кандидатураның аты-жөні, туған күні, айы, жылы, жеке басы куәлігінің нөмірі, берген мекеме, берілген күні, ұлты* (кандидаттың еркіне байланысты), білімі, мамандығы, жұмыс орны, лауазымы, қызмет телефоны, тұратын мекен-жайы, үйінің телефоны, саяси партия немесе қоғамдық бірлестіктің мүшесі болып табыла ма*(кандидаттың еркіне байланысты). Осы мәліметтерге саяси партия немесе өзге де қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, құрылатын сайлау комиссиясына қатысты жоғары құрылымның төрағасы қол қояды.
Ұсынылған кандидатура «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 2-1, 10-тармақтарына, 20-бабының 12-тармағына сәйкес болулары тиіс.
Жоғарыда аталған формаға қосымша келесі құжаттар тапсырылады:
1. Саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы отырысының кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасынан үзінді, сондай-ақ жоғары сайлау комиссия шешімінің үзіндісі.
2. Саяси партия немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгендігі жөніндегі құжаттың көшірмесі.
3. Мынадай формада кандидаттың жеке парағы: аты-жөні, туған күні, ұлты, білімі, саяси партияға қатысы, жұмыс орны, лауазымы, тұратын мекен-жайы, байланыс телефоны, жеке басы куәлігінің көшірмесі.
4. Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуына келісім берген қалалық мәслихат хатшысының атына жазған өтініші және белгіленген формада кандидаттың өмірбаяндық мәліметтері.
Қалалық мәслихат ұсыныстарды 2017 жылдың 3 наурызынан 3 сәуіріне дейінгі мерзім ішінде қабылдайды.
Қалалық мәслихаттың мекен-жайы:
Сәтбаев қаласы, акад. Қ. Сәтбаев даңғылы, 108, 38 кабинет.
Қалалық мәслихаттың хатшысы – Хмилярчук Татьяна Иванована.
Материалдарды жинауға жауапты: Баканова Ырзагүл Бейсенқызы, қалалық мәслихат аппаратының бас маманы, жұмыс тел. (871063) 3-50-72, факс: (871063) 3-45-23, электрондық почта:
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Сәтбаев қалалық
мәслихатының хатшысы Т. Хмилярчук
2017 жылғы 23 ақпанда Сәтбаев қалалық мәслихатының 14 сессиясы өтті.
Сессияда күн тәртібінің негізгі мәселесі бойынша «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Б.Ө. Жайлаубаев «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы туралы» баяндама жасады, Сәтбаев қаласының Жастар ресурстық орталығының жұмысы туралы орталықтың директоры Н.Ғ. Күлбай баяндады. Әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қ.Қ. Жанасылова осы мәселе бойынша депутаттық жұмыс комиссиясының анықтамасын ұсынды, ол қалалық мәслихат депутаттары мәселені сессияның қарауына әзірлеу барысында жастармен жұмыс жөніндегі нысандарды аралап, олардағы жағдайды зерттегендігін атап өтті. Мәселені қарау қорытындысы бойынша депутаттар ұйымдастырылмаған және жұмысшы жастармен жұмысты белсіндіру қажеттігі туралы ұсыныс жасады.
Сессия отырысында экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы В.Л. Цойдың өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды, Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі және қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді пайдаланатын күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың санаттары бекітілді (шешім жобасын әзірлеген «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ), сондай-ақ, қала әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия жұмысына қала әкімі А.А. Ыдырысов, оның орынбасарлары, мемлекеттік мекеме және ұйымдар басшылары қатысты.