2017 жылғы 3 мамырда әкімдіктің мәжіліс залында «Қаланың білім беру мекемелерінде тамақтандыруды ұйымдастыру және бюджет қаражатын нысаналы пайдалану туралы» мәселені талқылау жөнінде Депутаттық сағат өтті. Депутаттық сағат отырысын қалалық мәслихаттың хатшысы Т.И. Хмилярчук жүргізді.
Депутаттық сағатты өткізу жоспарына сәйкес Сәтбаев қаласының білім бөлімінің басшысы Б.Б. Ақышбековтің «2016 – 2017 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» есебі, Сәтбаев қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Г.Ш. Жалмурзинаның мектеп асханаларында тамақтандыруды ұйымдастыру және сапасын жақсарту жөніндегі шаралар туралы ақпараты тыңдалды, сондай-ақ осы мәселе бойынша жалпы білім беретін мектептердің директорлары мен мектеп асханаларын жалдаушы жеке кәсіпкерлер сөз сөйледі.
Қалалық мәслихаттың хатшысы Т.И. Хмилярчук Депутаттық сағаттың қарауына мәселені дайындау барысында депутаттық топтармен жүргізілген депутаттық тексерудің қорытындысын баяндады.
Талқылау аяқталғаннан кейін әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қ.Қ. Жанасылова оқушыларды тамақтандыруды жақсарту жөніндегі депутаттық топтың ұсынымдарын жариялап, мектеп асханаларының материалдық-техникалық жабдықталуын нығайту және жаңарту, сондай-ақ эстетикалық ресімдеу қажеттілігіне ерекше көңіл аударды.
Депутаттық сағат жұмысына қала әкімінің орынбасары А.Қ.Төлендина, Қоғамдық кеңестің төрағасы М.С. Мәдиева, «Нұр Отан» партиясы Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Ә. Дәрібаев, Сәтбаев қаласының білім бөлімінің және Сәтбаев қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары, мектеп директорлары, мектеп асханаларын жалдаушы жеке кәсіпкерлер және БАҚ өкілдері қатысты.