Дүйсенбі, 28 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Жаңалықтар (230)

Жезқазған кенті тұрғындарымен жиналыс

| Автор:  Жұма, 03 Қараша 2017 07:42

Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттары 2017 жылдың 28 қазанында Весовая елді мекенінде Жезқазған кенті мен іргелес жатқан елді мекендердің тұрғындарымен жиын өткізді. Қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук бұл кезекті кездесу тұрғындар көтерген сұрақтар бойынша осыған дейінгі кездесулерден кейін атқарылған жұмыстар жайында халықты  ақпараттандыру мақсатында өткізліп отырғандығын атап өтті. Бұдан әрі мәслихат хатшысы Кешенді жоспардың 11-тармағының орындалуы туралы баяндады, кент тұрғындарын көшірудің әрбір кезеңі бойынша атқарылып жатқан  жұмыстар жөнінде егжей-тегжейлі мазмұндап берді.
Жиналыста тұрғындарды көшіру мәслесімен қатар көшіруге жататын елді мекендердің басқа да тұрмыс-тіршілік мәселелері талқыланды, мысалы,  абаттандыру, үй жануарларын ұстау және жаю, Сәтбаев қ. –  Крестовский е.м. қатынайтын №1 жолаушылар маршруты кестесінің орындалуы туралы мәселелерді көтерді.Тиісті қызмет басшылары тұрғындардың сұрақтарына  жауап берді.
Мәслихат хатшысы жиналғандарға депутаттық корпус алдағы уақытта да Жезқазған, Сәтбаев қалаларын және Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарының орындалуын ерекше бақылауда ұстайтындығына сендірді.
Жиынға қалалық мәслихаттың депутаттары, Жезқазған кентінің әкімі Әбен Б.Ә., кент аумағында орналасқан, сонымен қатар кенттің және іргелес елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары қатысты.

Тұрғындармен жиналыс

| Автор:  Бейсенбі, 02 Қараша 2017 02:29

2017 жылдың 26 қазанында №16 мектептің мәжіліс залында қалалық мәслихат депутаттарының еңбек ұжымдарымен ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған 6 үгіт-насихат  кездесулерінің біріншісі болып өтті, мұндай кездесулерге меншік нысанына қарамастан тиісті сайлау округі аумағында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдары шақырылды.
Ұйымдастырушылардың көздегені  бойынша мұндай кездесулердің мақсаты қоғамдық өмірдің өзекті мәселелерін талқылау және тұрғындарды толғандыратын проблемаларды анықтау болып табылады.
Кездесуді қалалық мәслихаттың хатшысы Хмилярчук Татьяна Ивановна ашып, жүргізді. Өз сөзінде ол қаладағы қоғамдық-саяси ахуал және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
№10 сайлау округі бойынша депутат Жанасылова Қамар Қапасқызы жиналғандардың алдында қазақ әліпбиін латын графикасына аудару артықшылықтары тақырыбыда сөз сөйледі. Жастар проблемалары және жастармен жұмыс, атап айтқанда Сәтбаев қаласының жастармен жұмыс туралы №11 сайлау округі бойынша депутат Балмағамбетов Қайрат Маратұлы  баяндады, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалалық филиалының директоры  Жангаскинова Шолпан Серікқызы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмысы және оның қаламызда кәсіпкерлікті дамытудағы рөлі туралы әңгімеледі.
Еңбек ұжымдармен келесі кездесу  №№ 5,7 және 9 сайлау округтерінің шекараларында №19 ЖБМде ағымдағы жылдың 9 қарашасында өтеді.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 21-сессиясы

| Автор:  Бейсенбі, 19 Қазан 2017 09:29

2017 жылғы 9 қазанда депутат Цой Владимир Леонидовичтің төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 21 сессиясы болып өтті.
Сессияның күн тәртібінде 2017 – 2019 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу, Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 31 «Сәтбаев қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану, Сәтбаев қалалық мәслихатының Регламентін және Сәтбаев қаласы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі қалалық комиссия құрамын бекіту туралы мәселелер қаралды, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларымен келісілді.
Сессия жұмысына Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекеме және ұйымдар басшылары қатысты. 

Өзекті мәселеге арналған дөңгелек үстел

| Автор:  Дүйсенбі, 09 Қазан 2017 00:00

Қалалық мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесін талқылады. Латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі неде, оның алғышарттары қандай, әліпбиді көшіруге дайындық кезеңіне қалалық мәслихат депутаттары қалайша қатыса алады, дөңгелек үстелге қатысушыларды осы және басқа да мәселелер толғандырды. Депутаттар алдында «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Қ.Ж.Төлеш және бөлімнің бас маманы М.Б.Игенберлина сөз алды. Отырысты қалалық мәслихаттың хатшысы Т.Хмилярчук қорытындылап, депутаттарды халық арасындағы, оның ішінде өз сайлау округтеріндегі түсіндірме жұмысқа белсенді қатысуға шақырды, бұл ретте латын графикасына көшу - Мемлекет басшысы қойып отырған маңызды тапсырма екендігін әр сайлаушыға жеткізу қажеттілігі айтылды.

Дөңгелек үстелге жастар мәслихатының депутаттары қатысты.

Тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы

| Автор:  Дүйсенбі, 25 Қыркүйек 2017 09:56

Қалалық мәслихаттың 20 сессиясы қарсаңында қаланың мемлекеттік мекемелері басшыларының қатысуымен Сәтбаев қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес депутаттар «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының» Сәтбаев қаласында іске асырылу барысы туралы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы Жезқазған аймақтық өкілдігінің басшысы Б.Ә. Айтпаеваның баяндамасын талқылады.

Келесі мәселе бойынша депутаттар Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ және «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысын қарады. Аудиттың қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік мекемелердің баяндамалары тыңдалды және тиісті қаулы қабылданды.

Сондай-ақ, тұрақты комиссияның мүшелері алдағы сессияның күн тәртібінің жобаларын мақұлдады.