2017 жылдың 26 қазанында №16 мектептің мәжіліс залында қалалық мәслихат депутаттарының еңбек ұжымдарымен ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған 6 үгіт-насихат кездесулерінің біріншісі болып өтті, мұндай кездесулерге меншік нысанына қарамастан тиісті сайлау округі аумағында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдары шақырылды.
Ұйымдастырушылардың көздегені бойынша мұндай кездесулердің мақсаты қоғамдық өмірдің өзекті мәселелерін талқылау және тұрғындарды толғандыратын проблемаларды анықтау болып табылады.
Кездесуді қалалық мәслихаттың хатшысы Хмилярчук Татьяна Ивановна ашып, жүргізді. Өз сөзінде ол қаладағы қоғамдық-саяси ахуал және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
№10 сайлау округі бойынша депутат Жанасылова Қамар Қапасқызы жиналғандардың алдында қазақ әліпбиін латын графикасына аудару артықшылықтары тақырыбыда сөз сөйледі. Жастар проблемалары және жастармен жұмыс, атап айтқанда Сәтбаев қаласының жастармен жұмыс туралы №11 сайлау округі бойынша депутат Балмағамбетов Қайрат Маратұлы баяндады, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалалық филиалының директоры Жангаскинова Шолпан Серікқызы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмысы және оның қаламызда кәсіпкерлікті дамытудағы рөлі туралы әңгімеледі.
Еңбек ұжымдармен келесі кездесу №№ 5,7 және 9 сайлау округтерінің шекараларында №19 ЖБМде ағымдағы жылдың 9 қарашасында өтеді.